Грузиядан басқарылған: айналымы 7,5 млрд теңге онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды

© Sputnik / Нина Зотина
/ Жазылу
Онлайн-казино қызметіне 20 мыңнан астам пайдаланушы тартылған
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі СҚО бойынша департаменті ел аумағында жұмыс істеген ірі "Nomad Poker" атты онлайн-казиноның заңсыз қызметін тоқтатты.
Анықталғандай "Club GG Poker" мобильді платформасы негізінде құрылған "Nomad Poker" онлайн-казиносының қызметін Қазақстан азаматтары Грузия аумағынан жүргізіп отырған.
"Мұндай схема ұйымдастырушылардың жеке басын жасыруға, ақша ағынын бақылауды қиындатуға және заңсыз қызметті жүргізу үшін шетел азаматтарының атына рәсімделген банк шоттары мен байланыс құралдарын пайдалануға мүмкіндік берген", - дейді агенттік.
Заңсыз ойын платформасы тәулік бойы жұмыс істеп, қатысушыларға онлайн-покер форматында ақша тігіп, ұтысты қолма-қол ақшаға айналдыру мүмкіндігін ұсынған.
Жаңа қатысушыларды тарту мақсатында ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді және жарнама құралдарын пайдаланған. Нәтижесінде онлайн-казино қызметіне 20 мыңнан астам пайдаланушы тартылған.
"Ұйымдастырушылар үшінші тұлғалардың банк шоттарын, яғни "дропперлердің" шоттарын пайдаланудың тармақталған жүйесін құрған.Осы мақсатта күдіктілер Қазақстанға шетел азаматтарының ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етіп, олардың атына 400 АҚШ долларына дейінгі сыйақы үшін банк карталары мен мобильді банкинг рәсімдеген", - дейді ҚМА.
Тергеу барысында онлайн-казино қызметін қамтамасыз ету үшін 60-тан астам дроп-шот пайдаланылғаны анықталды. Ойыншылардан түскен қаражат көлемі 7,5 млрд теңгеден асты.
Сот санкциясымен Алматыдағы пәтерге, үш автокөлікке, сондай-ақ дропперлердің банк шоттарындағы 158 млн теңге көлеміндегі ақшаға тыйым салынды. Тергеу жүріп жатыр.
Сот санкциясымен Алматыдағы пәтерге, үш автокөлікке, сондай-ақ дропперлердің банк шоттарындағы 158 млн теңге көлеміндегі ақшаға тыйым салынды. Тергеу жүріп жатыр.
