Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Вучич Ресейге қарсы санкциялардан бас тартуды қолдайтынын мәлімдеді

© Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуПрезидент Сербии Александр Вучич
Президент Сербии Александр Вучич - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2026
Жазылу
АСТАНА, 19 шілде - Sputnik. Сербия президенті Александр Вучич тағы да Ресейге қарсы санкциялар енгізуге қарсы екенін және Белград пен Мәскеу арасындағы достық қарым-қатынасты қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Менің саясатым – санкциялар енгізбеу, сондай-ақ Ресеймен достық қарым-қатынасты сақтауды қалаймыз", – деді Вучич жексенбі күні Лапово муниципалитетіне сапары барысында тұрғындармен кездесу кезінде.
Еске салсақ, 2022 жылғы 2 наурызда Сербия президенті ел азаматтарына жасаған үндеуінде Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен Сербия билігі БҰҰ-ның Украинадағы Ресейдің әрекеттерін айыптайтын қарарының 13 тармағының 4-еуін ғана қолдағанын мәлімдеген болатын. Бұл тармақтар Ресейге қарсы санкциялар енгізуді немесе елдегі ресейлік компаниялардың мүлкін тәркілеуді қарастырмайды. Оның айтуынша, Украинадағы дағдарыс Сербияға айтарлықтай әсер етіп, елге сыртқы саясат тұрғысынан зор қысым жасалған.
Еуроодақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуроодақ Ресеймен байланысы бар деген күдікпен тағы 20 кемеге санкция салуы мүмкін
Жаңалықтар
0