Үндістанда су тасқынынан 12 адам қаза болды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуПаводки, иллюстративное фото
Паводки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2026
Жазылу
Сел салдарынан жергілікті инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келген
АСТАНА, 19 шілде - Sputnik. Үндістанның Джамму және Кашмир аймағында нөсер жаңбырдан болған су тасқыны салдарынан 12 адам қаза тапты. Бұл туралы Indian Express басылымына сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.
Басылымның мәліметінше, толассыз жауған жаңбыр салдарынан Раджаури мен Пунч округтерінде су тасқыны болған.
"Жексенбі күні Пунч пен Раджауриде болған су тасқыны көліктерді ағызып әкетіп, тұрғын үйлер мен жолдарды қиратты, салдарынан 12 адам көз жұмды", – деп жазады Indian Express.
Сондай-ақ басылым көптеген тұрғын үйді су басқанын, ал сел салдарынан жергілікті инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келгенін атап өтті.
Индонезиядағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2025
Индонезиядағы су тасқыны: құрбандар саны 700-ден асты
Жаңалықтар
0