Қазақстандық киберспортшы Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

© Photo : Аккаунт Данилы "Molodoy" ГолубенкоДанила "Molodoy" Голубенко и его команда выиграли турнир IEM Chengdu по Counter-Strike 2
Данила Molodoy Голубенко и его команда выиграли турнир IEM Chengdu по Counter-Strike 2 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2026
Жазылу
"Molodoy" лақап атымен киберспортта танымал Данил Голубенко – Қазақстаннан шыққан кәсіби ойыншы
АСТАНА, 19 шілде-Sputnik. Әлемге танымал киберспортшы Данил "Molodoy" Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.

2026 жыл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды.

Киберспортшының бұл бастамаға қосылуы әлем жастары арасында волонтерлік мәдениет пен құндылықтарды ілгерілетуге тың серпін береді.
Айта кетері, 2025 жылы CS2 нұсқасы бойынша ең үздік спортшы атағы Данил Голубенкоға берілген еді.
Қазақстандық киберспортшы ең үздік ойыншы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2026
Қазақстандық киберспортшы ең үздік ойыншы атанды
Жаңалықтар
0