Қазақстандық балуан халықаралық рейтингтік турнирде күміс медаль алды

© Photo : Пресс-служба НОК Казахстана Жамиля Бакбергенова
Жамиля Бакбергенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2026
Жазылу
Алтын жүлде үшін өткен кездесуде польшалық Виктория Холуйден жеңіліп қалды
АСТАНА, 19 шілде - Sputnik. Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Будапешттегі (Венгрия) халықаралық рейтингтік турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды olympic.kz.
72 келіге дейінгі салмақта бәсеке айналмалы жүйе бойынша өтті.
Жәмила бірінші белдесуінде қырғызстандық Кайыргуль Шаршебаеваны жеңсе, екінші айналымда үндістандық Дикша Малик тізе бүктірді.
Дегенмен алтын жүлде үшін өткен кездесуде Польша өкілі Виктория Холуйден жеңіліп қалды. Осылайша күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, 19 шілдеде грек-рим күресінен қалған салмақ дәрежелері бойынша жүлделер сарапқа салынады.
Сборная Казахстана завоевала золотые медали на Международной физической олимпиаде - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2026
Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді
Жаңалықтар
0