Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 шілде

© Sputnik / Владислав Воднев19 шілде - күнтізбе
19 шілде - күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2026
Жазылу
19 шілдеде не болғаны білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

19 шілдеде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін - Қазақстанда Металлургтер күні. Бұл мейрам жыл сайын шілде айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Кәсіби мереке 2003 жылы президент жарлығымен бекітілген.

Жапонияда Әйел министрлердің күні аталып өтеді. 1960 жылы 19 шілдеде Накаяма Маса (Nakayama Masa, 19 қаңтар 1891 – 11 қазан 1976) Жапонияда министр қызметіне тағайындалған алғашқы әйел болды. Ол денсаулық сақтау министрлігіне басшылық етті. Сол уақыттан бері 19 шілде Жапонияда бейресми түрде әйел министрлер күні болып есептеледі.
Бүгін Түрікменстанда Бидай күні аталып өтеді. Бұл – жалпыхалықтық іс-шаралармен, жәрмеңкелермен, ат жарыстарымен және, әрине, осы саладағы еңбек озаттарын ұлықтаумен ерекшеленетін айтулы мереке.

19 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1814 жылы ағылшын теңіз саяхатшысы М.Флайндерз өзінің кітабында жасыл құрлықты алғаш рет Австралия деп атады;
1822 жылы француз ғалымы Жозеф Ньепс әлемдегі алғашқы фотосуретті жасады;
1908 жылы Лондондағы әулие Павел шіркеуінде Олимпиадаға ақ жол тілеген епископ Этельберт Талбот алғаш рет "Ең бастысы жеңіс емес, қатысу" деген сөздерді айтты;
1954 жылы Элвис Преслидің алғашқы әні шықты;
2003 жылы тілді ауыстыру бойынша әлемдегі тұңғыш операция сәтті өтті.

19 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1929 жылы Түрксіб теміржол құрылысшылары мінген алғашқы пойыз Қопа ауылына келіп жетті;
1938 жылы Оңтүстік Кемпірсай хромитті кен орны базасында Дон кен байыту комбинатының негізі қаланды;
1963 жылы Қазақ КСР министрлер кеңесінің қаулысымен Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты ашылды. Қазір оқу орны Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті деп аталады;
2010 жылы президент "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" туралы заңға қол қойды.

19 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1834 жылы француз импрессионист суретшісі және мүсіншісі Эдгар Дега дүниеге келді;
1893 жылы орыс ақыны, драматург, киносценарист, кинорежиссер, актер Владимир Маяковский дүниеге келді;
1921 жылы америкалық биофизик, Нобель сыйлығының лауреаты (1977) Розалин Ялоу дүниеге келді;
1947 жылы әйгілі Queen рок тобының гитарисі Брайан Мэй дүниеге келді;
1961 жылы америкалық актер әрі режиссер Кэмпбелл Скотт дүниеге келді;
1976 жылы британиялық театр және кино актері Бенедикт Камбербэтч дүниеге келді. Ол әсіресе "Шерлок" сериалындағы Шерлок Холмс рөлі арқылы танымал болды.

19 шілдеде Қазақстанда кім туды

1936 жылы әнші, Қазақстанның халық әртісі Гүлвира Рәзиева дүниеге келді;
1938 жылы экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғани Қалиев дүниеге келді;
1960 жылы филолог, әдебиет сыншысы, режиссер, сценарист Ғалым Доскен дүниеге келді.
1964 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев дүниеге келді.
1964 жылы қазақстандық белгілі саясаткер, экономика ғылымдарының докторы және агроөнеркәсіптік кешен саласының жетекші маманы Төлеутай Рахымбеков дүниеге келді. Ол 2019 жылы 9 маусымда өткен президент сайлауына "Ауыл" партиясы атынан түсті.
Жаңалықтар
0