Атырауда заңсыз қару сақтаған 39 жастағы тұрғын бас бостандығынан айырылды
13:51 19.07.2026 (жаңартылды: 13:53 19.07.2026)

© Photo : ДВД Алматы
Жазылу
Ол сондй-ақ қаладағы түзету мекемесіне дрон арқылы тыйым салынған заттарды жеткізумен айналысқан
АСТАНА, 19 шілде-Sputnik. Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы өзге де мүдделі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғылықты мекен-жайында атыс қаруын сақтаған және қаладағы түзету мекемесінде дрон арқылы тыйым салынған заттарды жеткізумен айналысқан 39 жастағы күдіктіні ұстады.

Атырауда заңсыз қару сақтаған тұрғын бас бостандығынан айырылды
© Photo : Атырау облысының полиция департаменті
"Тұрғылықты жерін тексеру барысында тіркелмеген 12 калибрлі екі ұңғылы аңшылық мылтық, үш дана дрон, бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы салынған пластикалық ыдыс, 12 калибрлі бір ұңғылы кесілген мылтық және 4 дана оқ-дәрі, сондай ақ, қағазға оралған, өсімдік тектес, қою жасыл түсті, өзіне тән иісі бар зат анықталып, тәркіленді", - дейді полиция.
Аталған дерек бойынша сотка дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданған. Сот үкімімен сотталушыға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
