Әйелін қапқан: Ақмола облысында итті ұрып өлтірген ер адам заң алдында жауап береді

© Sputnik/Ертай Сарбасов Sarbasov ErtayКинолог и собака-спасатель Джейкоб
Кинолог и собака-спасатель Джейкоб - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2026
Жазылу
Полицейлер жануарға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр
АСТАНА, 19 шілде-Sputnik. Ақмола облысында ер адам итпен есеп айырысқан. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті хабарлады.
Алдын ала ақпарат бойынша, 12 шілде күні кешке Жақсы ауданы ауылының тұрғыны ауылдасының үйіне барған. Осы кезде байлаудағы ит шынжырдан босап кетіп, әйелдің аяғын тістеп алған.

"Жәбірленушінің жұбайы жануар тұрған аулаға барып, итті ұрған. Жануар алған жарақаттарынан өліп қалды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полицейлер қандай жағдай болмасын, жануарларға қатыгездік жасау заңды бұзу болып табылатынын және үлкен жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті. Айтуларынша, ит адамды қауып алса да, өз бетінше әрекет етуге жол берілмейді. Барлық мәселелер тек заң саласында шешілуі керек.
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2025
Ақтөбедегі оқушы өлімі: баланы ит қапқан ба?
Жаңалықтар
0