Алматыда 21 жастағы жігіт көпқабатты үйдің балконынан құлап көз жұмды

© Sputnik / Илья Питалев
/ Жазылу
Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады
АСТАНА, 19 шілде - Sputnik. Алматыда 21 жастағы жігіт көпқабатты үйдің балконынан құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға Алматының Бостандық ауданында кешкі уақытта болған. Көпқабатты тұрғын үйдің ортақ балконынан құлаған 21 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды.
"Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері дереу жетті. Қаза тапқан азаматтың кім екені жедел анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға алдында жас жігіт аптап ыстыққа қарамастан сырт киіммен жүрген. Бұл және басқа да мән-жайлар тергеу барысында жан-жақты тексеріледі", - деп хабарлады Алматы қаласының полициясы.
Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын, оның ішінде қайғылы жағдайдың себептері мен ықтимал себептерін анықтайды. Сондай-ақ марқұмның өмір салты, араласатын ортасы және тергеу үшін маңызды өзге де жағдайлар зерделеніп жатыр, деп хабарлады полицейлер.