https://sputnik.kz/20260718/zhasmina-tuzelova-vitebskidegi-khalyqaralyq-bayqauda-ekinshi-oryndy-ielendi-65025329.html
Жасмина Түзелова Витебскідегі халықаралық байқауда екінші орынды иеленді
Жасмина Түзелова Витебскідегі халықаралық байқауда екінші орынды иеленді
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық жас талант екі күннің қорытындысы бойынша 126 ұпай жинады 18.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-18T15:44+0500
2026-07-18T15:44+0500
2026-07-18T15:44+0500
халықаралық байқау
әндер байқауы
https://sputnik.kz/img/07ea/07/12/65017148_31:106:1616:997_1920x0_80_0_0_ebb82f82bb5a2aff8465b6ba5926a118.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. "Витебск-2026" ХХІІІ халықаралық балалар музыкалық байқауында қазақстандық жас вокалист, "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі Жасмина Түзелова екінші орынды иеленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.Дүбірлі дода "Славян базары" халықаралық өнер фестивалі аясында өтіп, оған әлемнің 19 елінен келген жас орындаушылар қатысты.Байқаудың алғашқы кезеңінде Жасмина қазақтың халық әні "Сарыарқаны" шырқап, қазылар алқасынан ең жоғары ұпайлардың бірін еншіледі. Ал екінші конкурстық күнде жас өнерпаз "Ромашка-Василек" композициясын орындады. Сөйтіп, екі күннің қорытындысы бойынша 126 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді.Жасмина Түзелова жас болса да, ән сүйер қауымға кеңінен танымал. Ол ұлттық "Бала дауысы" байқауының гран-при иегері, "Central Asia’s Got Talent" халықаралық жобасының жартылай финалисі, "Қазақстан дауысы. Балалар" шоуының суперфиналисі, "Балалар жаңа толқыны" фестивалінің финалисі және Ресейдің "Голос. Дети" тележобасының жүлдегері.Сондай-ақ жас вокалист 2025 жылы Мәскеуде өткен "Спасск мұнарасы"халықаралық әскери-музыкалық фестивалінде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған "Әлия" әнін нақышына келтіре орындап, Қазақстанның абыройын асқақтатқан болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/12/65017148_135:111:1460:1105_1920x0_80_0_0_8f9a0bb5ceeca432a7c453cead8ad0bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
халықаралық байқау, әндер байқауы
халықаралық байқау, әндер байқауы
Жасмина Түзелова Витебскідегі халықаралық байқауда екінші орынды иеленді
Қазақстандық жас талант екі күннің қорытындысы бойынша 126 ұпай жинады
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. "Витебск-2026" ХХІІІ халықаралық балалар музыкалық байқауында қазақстандық жас вокалист, "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі Жасмина Түзелова екінші орынды иеленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Дүбірлі дода "Славян базары" халықаралық өнер фестивалі аясында өтіп, оған әлемнің 19 елінен келген жас орындаушылар қатысты.
Байқаудың алғашқы кезеңінде Жасмина қазақтың халық әні "Сарыарқаны" шырқап, қазылар алқасынан ең жоғары ұпайлардың бірін еншіледі. Ал екінші конкурстық күнде жас өнерпаз "Ромашка-Василек" композициясын орындады. Сөйтіп, екі күннің қорытындысы бойынша 126 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді.
"Біз Жасминаны мақтан тұтамыз. Бұл марапаттың артында жылдар бойғы қажырлы еңбек, күнделікті дайындық пен музыкаға деген шексіз махаббат тұр. Жасминаға қолдау көрсетіп, сенім артқан барша жанға алғысымыз шексіз", – деді жас әншінің анасы, кәсіби музыкант Гүлзия Өтеева.
Жасмина Түзелова жас болса да, ән сүйер қауымға кеңінен танымал. Ол ұлттық "Бала дауысы" байқауының гран-при иегері, "Central Asia’s Got Talent" халықаралық жобасының жартылай финалисі, "Қазақстан дауысы. Балалар" шоуының суперфиналисі, "Балалар жаңа толқыны" фестивалінің финалисі және Ресейдің "Голос. Дети" тележобасының жүлдегері.
Сондай-ақ жас вокалист 2025 жылы Мәскеуде өткен "Спасск мұнарасы"халықаралық әскери-музыкалық фестивалінде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған "Әлия" әнін нақышына келтіре орындап, Қазақстанның абыройын асқақтатқан болатын.