Павлодар облысында 18 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды
10:19 18.07.2026 (жаңартылды: 10:22 18.07.2026)

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
Қайтарылған жерлердің кадастрлық құны 18 миллион теңгеден асады
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Павлодар облысында мемлекетке мыңдаған гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды, деп хабарлайды өңірлік прокуратура.
Ертіс ауданы прокуратурасы жалпы ауданы 89 мың гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тиімсіз пайдаланылу фактілерін анықтады.
"Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде 54 жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы алқаптарын жер заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдаланғаны анықталды. Жалпы ауданы 56 мың гектардан асатын жер учаскелеріне қатысты 15 дерек бойынша материалдар шаралар қабылдау және тиісті тексерулер жүргізу үшін Павлодар облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды", - делінген хабарламада.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде кадастрлық құны 18 миллион теңгеден асатын 2 531,2 гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Қайтарылған жер учаскелері Ертіс ауданының арнайы жер қорына енгізілді. Алдағы уақытта олар заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтарға шаруа және фермер қожалықтарын жүргізу үшін берілетін болады.