Оралда қоғамға қауіп-қатер төндіретін нысан анықталды

© Photo : Предоставлено пресс-службой Национальной сети ToxicNetЗаброшенные склады опасных сельскохозяйственных химикатов обнаружили на севере Казахстана
Заброшенные склады опасных сельскохозяйственных химикатов обнаружили на севере Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2026
Жазылу
Қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін барынша азайту үшін 14 шілдеде аталған нысан бұзылды
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында (Зачаганск кенті) ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған, тиісті деңгейде күтіп-ұсталмаған және қоғамдық қауіпсіздікке әлеуетті қауіп-қатер төндірген нысан анықталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Нысанға іргелес аумақ бірнеше рет тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу, алкогольдік ішімдіктер ішу және қоғамға жат өмір салтын ұстанатын адамдардың жиналу орнына айналған.
"Нысанның тікелей маңында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркеліп, бұл жақын маңдағы тұрғын үйлер тұрғындарының негізді алаңдаушылығын туғызған", - деп жазылған хабарламада.
Қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін төмендету мақсатында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жолдады. Оларды қарау қорытындысы бойынша санитариялық іс-шаралар жүргізіліп, аумақ қоршалып, нысанға еркін кіру шектелді.
Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін барынша азайту үшін 14 шілдеде аталған нысанды бұзу жұмыстары жүргізілді.
Алматыда құрылысы аяқталмаған ірі нысан сот шешімімен бұзылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2026
Алматыда құрылысы аяқталмаған ірі нысан сот шешімімен бұзылды
Жаңалықтар
0