https://sputnik.kz/20260718/aqtobe-zhane-orynbor-oblystary-shekarasyndagy-otkizu-punkti-segiz-zholaqqa-deyin-keneytiledi-65025495.html
Ақтөбе және Орынбор облыстары шекарасындағы өткізу пункті сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
Ақтөбе және Орынбор облыстары шекарасындағы өткізу пункті сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
Sputnik Қазақстан
Ақтөбе облысының әкімдігі жұмыс 2026 жылдың соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді 18.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-18T19:19+0500
2026-07-18T19:19+0500
2026-07-18T19:19+0500
ақтөбе облысы
шекара
https://sputnik.kz/img/07ea/07/12/65012171_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_488ffabffb3204bad1a223f6339f133e.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан "Әлімбет" өткізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.Ресей тарапындағы шекаралас өткізу пункті – Орынбор облысындағы "Орск" өткізу пункті. Жаңғырту жұмыстарының барысын облыс әкімі Асхат Шахаров тексерді. Құрылыс 2025 жылдың қыркүйегінде басталған, нысанды аяқтау 2026 жылдың соңына жоспарланған. Қазіргі уақытта нысанда 113 жұмысшы еңбек етіп жатыр, құрылыс 32 пайызға дайын."Әлімбет" өткізу пунктінің өткізу қабілеті айтарлықтай артады. Әр бағыт бойынша төрт жолақ қарастырылған, оның біреуі ірі габаритті көліктерге арналған. Процестерді автоматтандырудың арқасында автокөліктерді өткізу уақыты да қысқарады. Әрбір көлікке шамамен 4 минут жұмсалады. Бұған мемлекеттік нөмірлерді тану жүйесі және деректер базасымен интеграциялау арқылы қол жеткізіледі. Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде, қаржыландыру мәселесі жоқ. Жобаны 2026 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", – деді мердігер ұйымның басшысы Сергей Герцен."Әлімбет" өткізу пунктін жаңғырту Ақтөбе облысының көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға, шекара маңы ынтымақтастығын нығайтуға және азаматтар мен сыртқы саудаға қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға маңызды үлес қосады.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/12/65012171_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_dd5332ed2ee48123567ef4732a7df517.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, шекара
Ақтөбе және Орынбор облыстары шекарасындағы өткізу пункті сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
Ақтөбе облысының әкімдігі жұмыс 2026 жылдың соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан "Әлімбет" өткізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.
Ресей тарапындағы шекаралас өткізу пункті – Орынбор облысындағы "Орск" өткізу пункті. Жаңғырту жұмыстарының барысын облыс әкімі Асхат Шахаров тексерді. Құрылыс 2025 жылдың қыркүйегінде басталған, нысанды аяқтау 2026 жылдың соңына жоспарланған. Қазіргі уақытта нысанда 113 жұмысшы еңбек етіп жатыр, құрылыс 32 пайызға дайын.
"Әлімбет" өткізу пунктінің өткізу қабілеті айтарлықтай артады. Әр бағыт бойынша төрт жолақ қарастырылған, оның біреуі ірі габаритті көліктерге арналған. Процестерді автоматтандырудың арқасында автокөліктерді өткізу уақыты да қысқарады. Әрбір көлікке шамамен 4 минут жұмсалады. Бұған мемлекеттік нөмірлерді тану жүйесі және деректер базасымен интеграциялау арқылы қол жеткізіледі. Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде, қаржыландыру мәселесі жоқ. Жобаны 2026 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", – деді мердігер ұйымның басшысы Сергей Герцен.
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Әлімбет" өткізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстары
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Әлімбет" өткізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстары
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Әлімбет" өткізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстары
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Әлімбет" өткізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстары
"Әлімбет" өткізу пунктін жаңғырту Ақтөбе облысының көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға, шекара маңы ынтымақтастығын нығайтуға және азаматтар мен сыртқы саудаға қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға маңызды үлес қосады.