709 тонна су жеткізілген: Абай облысында орман өрті оқшауланды

© Photo : ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Жазылу
Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация арқылы 319 рет су төгілген
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Бородулиха ауданындағы орман өрті бүгін сағат 9:45-те оқшауланды.

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы өрт оқшауланды
© Photo : ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Өртті сөндіру жұмыстарына Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты "Семей орманы" және "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваттарының қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК, сондай-ақ Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы өрт оқшауланды
© Photo : ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Жалпы өртті сөндіруге 769 адам, 191 жерүсті техникасы және 8 тікұшақ тартылды.
Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация арқылы 319 рет су төгіліп, өрт ошағына 709 тонна су жеткізілді.
"Премьер-министрдің тапсырмасымен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Абай облысына келіп, аймақ басшысы Берік Уәлимен бірге жұмылдырылған күштер мен құралдардың жұмысын үйлестірді. Сондай-ақ Ерлан Нысанбаев пен Берік Уәли өрт аумағын тікұшақпен әуеден бақылап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру және өрт ошағын бақылау жұмыстары жалғасып жатыр.

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы өрт оқшауланды
© Photo : ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі