Шымкентте +43 градус ыстық: полицейлер аулада жүрген балаларға ерекше сый жасады

© PhotoВиды города Шымкент
Виды города Шымкент - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Жазылу
Салқын душтан кейін балаларға тегін балмұздақ таратылды
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында полицейлер аулада ойнап жүрген балаларға ерекше сый жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полицейлер коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, ойын алаңдарында су мен көбік шашып, қуанышты көңіл-күй сыйлады.
Салқын душтан кейін балаларға тегін балмұздақ таратылды. Ал қала әкімдігі өзінің ресми парақшасында бұл ерекше шараның видеосын жариялады.
Айта кетері, бүгін Шымкентте ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі. Ертең термометр бағанасы +44 градусқа жетеді деп болжанып отыр.
Ақмола облысында ойын алаңын өз қаражатына тұрғызған кәсіпкер айыппұл арқалады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2026
Ақмола облысында ойын алаңын өз қаражатына тұрғызған кәсіпкер айыппұл арқалады
Жаңалықтар
0