https://sputnik.kz/20260717/auyldardagy-dariger-tapshylygy-138-ga-azaydy-64982325.html
Ауылдардағы дәрігер тапшылығы 13,8%-ға азайды
Ауылдардағы дәрігер тапшылығы 13,8%-ға азайды
Sputnik Қазақстан
Бір жылға арналған дәрі-дәрмек сатып алудың жалпы жоспары 584,1 млрд теңге көлемінде бекітілді 17.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-17T08:22+0500
2026-07-17T08:22+0500
2026-07-17T08:22+0500
денсаулық сақтау министрлігі
https://sputnik.kz/img/337/01/3370162_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_8cb78e28e921c9b02e1b257e6191bc66.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Дәрігерлерді кезең-кезеңімен қолдау ауылдық жерлердегі дәрігер тапшылығын 13,8%-ға, ал орта медицина қызметкерлерінің тапшылығын 1%-ға төмендетуге мүмкіндік берді, деп хабарлады үкімет.Ауылдарға мамандарды тарту үшін кем дегенде 5 жылға келісімшартқа қол қойған 529 тапшы бейінді дәрігерге 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем төленді.Бір жылға арналған дәрі-дәрмек сатып алудың жалпы жоспары 584,1 млрд теңге көлемінде бекітілді. Отандық препараттардың 66 атауы бойынша жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде олардың бағасы төмендеп, бюджет 10,3 млрд теңге үнемдеді.Мемлекет басшысының фармацевтика өнеркәсібін дамыту және 2029 жылға қарай ішкі нарықтағы отандық дәрі-дәрмектердің үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында үкімет 391,3 млрд теңге көлемінде 6 ірі инвестициялық келісім жасасты. Бұл жобалар аясында 474 жаңа дәрі-дәрмек атауы өндірілмек. Нәтижесінде елдің импортқа тәуелділігі төмендейді.Қазіргі уақытта E-Densaulyq бірыңғай платформасының 7 негізгі құрамдас бөлігіне бұрын бөлек жұмыс істеген 23 ақпараттық жүйе біріктіріліп жатыр.Сондай-ақ көлемі 1,5 петабайт болатын бірыңғай медициналық деректер қоймасын іске қосу аяқталуға жақын. Бұл жүйеде еліміздегі клиникалардың 95%-ының деректері жинақталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/337/01/3370162_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_ea05937aee549708abd509efa1ac88c7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі
денсаулық сақтау министрлігі
Ауылдардағы дәрігер тапшылығы 13,8%-ға азайды
Бір жылға арналған дәрі-дәрмек сатып алудың жалпы жоспары 584,1 млрд теңге көлемінде бекітілді
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Дәрігерлерді кезең-кезеңімен қолдау ауылдық жерлердегі дәрігер тапшылығын 13,8%-ға, ал орта медицина қызметкерлерінің тапшылығын 1%-ға төмендетуге мүмкіндік берді, деп хабарлады үкімет.
Ауылдарға мамандарды тарту үшін кем дегенде 5 жылға келісімшартқа қол қойған 529 тапшы бейінді дәрігерге 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем төленді.
"152 стационарда тәулік бойы полиция бекеттері қойылды, ал Астана мен Алматыда жедел жәрдем бригадалары ІІМ Жедел басқару орталығына деректерді бере отырып, дербес бейнежетондармен жарақтандырылды, бұл жанжалдар санын 90%-ға азайтты", - деп жазылған хабарламада.
Бір жылға арналған дәрі-дәрмек сатып алудың жалпы жоспары 584,1 млрд теңге көлемінде бекітілді. Отандық препараттардың 66 атауы бойынша жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде олардың бағасы төмендеп, бюджет 10,3 млрд теңге үнемдеді.
"Қазіргі таңда елімізде 209 қазақстандық тауар өндіруші тіркелген. Оның 43-і дайын дәрілік заттар шығарады. Биылғы бірінші тоқсанда фармацевтикалық өндіріс көлемі 70,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46%-ға артты", - дейді мамандар.
Мемлекет басшысының фармацевтика өнеркәсібін дамыту және 2029 жылға қарай ішкі нарықтағы отандық дәрі-дәрмектердің үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында үкімет 391,3 млрд теңге көлемінде 6 ірі инвестициялық келісім жасасты. Бұл жобалар аясында 474 жаңа дәрі-дәрмек атауы өндірілмек. Нәтижесінде елдің импортқа тәуелділігі төмендейді.
Қазіргі уақытта E-Densaulyq бірыңғай платформасының 7 негізгі құрамдас бөлігіне бұрын бөлек жұмыс істеген 23 ақпараттық жүйе біріктіріліп жатыр.
Сондай-ақ көлемі 1,5 петабайт болатын бірыңғай медициналық деректер қоймасын іске қосу аяқталуға жақын. Бұл жүйеде еліміздегі клиникалардың 95%-ының деректері жинақталады.