Астанада Ресейден фитосанитариялық құжаттарсыз әкелінген сәндік өсімдіктер жойылды

© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіАстанада фитосанитариялық талаптарды бұза отырып әкелінген сәндік өсімдіктер жойылды
Астанада фитосанитариялық талаптарды бұза отырып әкелінген сәндік өсімдіктер жойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Жазылу
Осы дерек бойынша заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалған
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Астанада фитосанитариялық талаптарды бұза отырып әкелінген сәндік өсімдіктер жойылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Заң бұзушылық фитосанитариялық бақылау барысында анықталды.

"Тексеру кезінде сәндік өсімдіктердің Ресей Федерациясынан экспорттаушы елдің өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі ұлттық ұйымы беруге тиіс міндетті фитосанитариялық сертификатсыз әкелінгені анықталды", - дейді министрлік.

Осы дерек бойынша заңды тұлғаға қатысты өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Фитосанитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүк иесіне анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Өнім иесі ұсталған өнімді өртеу арқылы жою туралы шешім қабылдады.

Комитет Қазақстан аумағына карантинге жатқызылған өнімді тек экспорттаушы ел берген фитосанитариялық сертификаты болған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етілетінін еске салады. Бұл талаптарды сақтау ауыл шаруашылығына және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін қауіпті карантиндік объектілердің ел аумағына енуі мен таралуына жол бермеуге бағытталған.
Ресейден әкелінген 6 тонна қияр кері қайтарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Ресейден әкелінген 6 тонна қияр кері қайтарылды
Жаңалықтар
0