Астанада 60 жастағы науқасқа қайтыс болған донордың жүрегі салынды

© Пресс-служба Министерства здравоохранения РКАстанада 60 жастағы науқасқа қайтыс болған донордың жүрегі салынды
Астанада 60 жастағы науқасқа қайтыс болған донордың жүрегі салынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Жазылу
Бүгінде Қазақстанда өмірлік маңызды ағзаларды трансплантаттауды 4 739 адам күтіп отыр
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Астанада кезекті донорлық үдеріс сәтті ұйымдастырылып, соның арқасында жүректі трансплантаттауды ұзақ уақыт күткен пациенттің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні Астана қаласы әкімдігінің "Көпбейінді медицина орталығы" ШЖҚ МКК базасында әлеуетті донор анықталды. Донордың отбасы келісім бергеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы донорлық үдерісті толық ұйымдастырды.
© Пресс-служба Министерства здравоохранения РКПациенту в Астане пересадили сердце от посмертного донора
Пациенту в Астане пересадили сердце от посмертного донора - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Пациенту в Астане пересадили сердце от посмертного донора
Министрліктің айтуынша, UMC трансплантологтар командасының қатысуымен 1966 жылы туған пациентке жүректі трансплантаттау сәтті жасалды. Қазіргі уақытта реципиенттің жағдайы операциядан кейінгі кезеңге сәйкес келеді.

"Бүгінде Қазақстанда өмірлік маңызды ағзаларды трансплантаттауды 4 739 адам, оның ішінде 125 бала күтіп отыр. Олардың ішінде 4 208 пациентке бүйрек, 293 адамға бауыр, 208 адамға жүрек, 30 адамға өкпе және 5 адамға жүрек-өкпе кешенін трансплантаттау қажет", - дейді министрлік.

Ауйтуларынша, қайтыс болғаннан кейін ағза доноры болуға берілген әрбір келісім – трансплантаттау өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі болып отырған жандарға үміт сыйлайды.
Медицинские инструменты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2026
Қазақстанда тұңғыш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды
Жаңалықтар
0