https://sputnik.kz/20260716/ulybritaniya-ukrainaga-artilleriyalyq-ungylardy-zhetkize-bastady-64945234.html
Ұлыбритания Украинаға артиллериялық ұңғыларды жеткізе бастады
Ұлыбритания Украинаға артиллериялық ұңғыларды жеткізе бастады
Sputnik Қазақстан
Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, алғашқы төрт ұңғы Украинаға жеткізілді 16.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-16T09:20+0500
2026-07-16T09:20+0500
2026-07-16T09:20+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/480/47/4804771_263:0:3634:1896_1920x0_80_0_0_cf0d077182e203f19ee71edb5e1bc6da.jpg
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Ұлыбритания 61 миллион фунт стерлинг (82 миллион доллардан астам) болатын келісімшарт аясында Украинаға 105 және 155 миллиметрлік артиллерияға арналған ұңғыларды (ствол) жеткізуді бастады. Бұл туралы сәрсенбі күні Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі хабарлады.105 және 155 миллиметрлік артиллериялық қаруларға арналған ұңғыларды BAE Systems компаниясы Шеффилд қаласындағы зауытында шығарады.Алғашқы төрт ұңғы Украинаға жеткізілді. Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Киев осы ұңғылардың негізінде өз өндірісін жолға қоя алады.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/480/47/4804771_1106:0:3634:1896_1920x0_80_0_0_a4d9085030b91fd532626f02942fe15f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Ұлыбритания Украинаға артиллериялық ұңғыларды жеткізе бастады
Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, алғашқы төрт ұңғы Украинаға жеткізілді
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Ұлыбритания 61 миллион фунт стерлинг (82 миллион доллардан астам) болатын келісімшарт аясында Украинаға 105 және 155 миллиметрлік артиллерияға арналған ұңғыларды (ствол) жеткізуді бастады. Бұл туралы сәрсенбі күні Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі хабарлады.
"Ұлыбританияда өндірілген 150 артиллериялық ұңғының алғашқы партиясы 61 миллион фунт стерлинг көлеміндегі келісімшарт аясында Украинаның қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында жеткізілді", – делінген қорғаныс ведомствосының мәлімдемесінде.
105 және 155 миллиметрлік артиллериялық қаруларға арналған ұңғыларды BAE Systems компаниясы Шеффилд қаласындағы зауытында шығарады.
Алғашқы төрт ұңғы Украинаға жеткізілді. Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Киев осы ұңғылардың негізінде өз өндірісін жолға қоя алады.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.