сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Құрылтай депутаттығына кандидаттардың біреуі сайлауға қатысудан бас тартты

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание ЦИК Казахстана
Здание ЦИК Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Жазылу
Сәния Темірғалиевадан партиялық тізімнен өз еркімен шығару туралы өтініш түскен
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Respublica партиясы ұсынған Құрылтай депутаттығына кандидаттардың біреуі сайлауға қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Respublica Орталық сайлау комиссиясына 76 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынған болатын.
Комиссия хатшысы Шавкат Өтемісовтың айтуынша, 11 шілде күні кандидаттардың біреуі – Сәния Темірғалиевадан партиялық тізімнен өз еркімен шығару туралы өтініш түскен. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулыны қабылдап, "Respublica" партиясы" қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінен Сәния Бақытжанқызы Темірғалиеваны шығаруға шешім шығарды.
Сондай-ақ, бүгін Respublica-ның 75 кандидаттан тұратын партиялық тізімі тіркелді.
Айта кетері, Сания Темірғалиева Қостанай облысындағы ResWoman әйелдер қауымдастығының төрағасы ретінде партиялық тізімге енгізілген болатын.
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Сайлау алдында кандидаттар декларацияда нені көрсетуі керек
Жаңалықтар
0