Маңғыстау облысында темір жол төсемінің топырағы сырғып кетті

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Жазылу
Пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша тақ жолмен қозғалыс ұйымдастырылды
АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Бейнеу – Маңғыстау учаскесіндегі темір жол төсемінің топырағы сырғып кеткен. Оқиғаға қатысты Қазақстан темір жолы түсініктеме берді.
Оқиға 16 шілдеде сағат 08:04-те Сайөтес – №9 разъезд аралығында болған.
"Жауын-шашын көп болды, соның салдарынан темір жол төсемінің топырағы сырғыған. Пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша тақ жолмен қозғалыс ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ", - дейді компания.
Оқиға орнына арнайы комиссия мен тиісті қызметтер жіберілді. Қазір учаске тексеріліп, пойыз қозғалысын қалыпты режимге келтіру үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Железнодорожные пути, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Қазақстанда төрт жылда 5 мың шақырым теміржол салынады
Жаңалықтар
0