Екі аяқтан айырған жол апаты: павлодарлық студенттің туыстары әділдік іздейді

© Талғат Емелдің жеке архивіненЕкі аяқтан айырған жол апаты: павлодарлық студенттің туыстары әділдік іздейді
Екі аяқтан айырған жол апаты: павлодарлық студенттің туыстары әділдік іздейді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Жазылу
29 мамырда Астана-Павлодар тас жолында болған жол апаты салдарынан жас жігіттің екі аяғынан бөлек басқа да органдарына зақым келген
АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Астана – Павлодар бағытында болған жол апаты өрімдей жас жігітті екі аяғынан бірдей айырды. Төртқұдық ауылының маңында рөлге ие бола алмаған жүргізуші жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Оқиғаның қалай болғанын Sputnik Қазақстан тілшісі жәбірленуші тараптың өзінен сұрап білді.
Қайғылы жағдай 29 мамыр сағат 21:40 шамасында болған. Оқуынан үйіне қайтқан Талғат Емел яндекс таксиге тапсырыс беріп, жолға шығады. Алайда, Төртқұдық ауылының маңына келгенде көлік жол шетіндегі бағандарға соғылады.
© Photo : Талғат Електің жеке архивіненЕкі аяқтан айырған жол апаты: павлодарлық студенттің туыстары әділдік іздейді
Екі аяқтан айырған жол апаты: павлодарлық студенттің туыстары әділдік іздейді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Екі аяқтан айырған жол апаты: павлодарлық студенттің туыстары әділдік іздейді

"Жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатқан, ал жүргізуші ескерту белгілерін көрмедім дейді. Ол жылдамдық режимін сақтамаған. Көлік оң жағымен соғылған. Талғаттың екі аяғын бірдей кесіп кеткен. Бір аяғын түгел жұлып, екінші аяғы езіліп кеткен. Інім көліктен өз аяғымен шыққан", - дейді әпкесі Гүлсім Абайдильдинова.

Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына 40 минутта жетті дейді жәбірленуші тарап. Шідертіден жеткен жедел жәрдем Екібастұзға келгенде Талғатты екінші көлікке салған. Дәл сол сәт Талғат есінен танып кеткен.

"Інімнің ауруханада екі рет жүрегі тоқтап қалған. Жедел жәрдемнің іші түгел қан. Дәрігерлер дереу тыныс алу аппаратына қосқан. Екі аяғын да алып қалу мүмкін болмады, өйткені дәрігерлер Талғаттың өмірін алып қалу үшін жанталасқан. Сол аяғы түгел жоқ, оң аяғы жамбасынан сәл төмен қарай бар", - дейді әпкесі.

© Талға Електің жеке архивіненЕкі аяқтан айырған жол апаты: павлодарлық студенттің туыстары әділдік іздейді
Екі аяқтан айырған жол апаты: павлодарлық студенттің туыстары әділдік іздейді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Екі аяқтан айырған жол апаты: павлодарлық студенттің туыстары әділдік іздейді
Талғаттың екі бүйрегі істемей қалады. Гемодиализ аппаратына қосылады. Жас жігіт екі аяғынан айырылып қоймай, басқа да органдары зақымданыпты. Ми инфарктін алған, бас сүйегі жарақаттанып, өкпе тіндері зақымданған. Жамбас сүйегі, сегіз көзі сынып кеткен. Жігіттің жағдайы өте ауыр болғандықтан дәрігерлер бәріне бірден ота жасай алмаған.

Науқас 14 маусымда санавиациямен Астана аураханасына жеткізіледі. Аяған тағы ота жасалады. Жамбас сүйегін жинап, беліне темір қояды. 9 шілде күні ауруханадан шығарылады. Алайда жігіттің кіші дәреті жүрмей қалып, сол күні ауруханаға қайта түскен.
Қазір Талғатты туыстары ауруханаға қайта-қайта тасумен жүр. Өйткені ауыр жарақаттан жігіттің жүрегі де сыр берген.

Талғат үйде үш ағайынды, ол кішісі. Жасы 21-дегі жігіт Еуразия үниверситетінің үшінші курс студенті.
"Інім жата алмайды, не тұра алмайды. Жарты денесі жоқ адам қалай болуы мүмкін. Жол апатын жасаған жүргізуші Арыс қаласының қазіргі әкімінің 22 жастағы баласы Ердәулет Зәкіров. Олар кешірім сұрап келді. Дәрі-дәрмек сияқты ұсақ-түйек көмектесті. Бірақ соңғы рет келгендерінен кейін мен олармен байланысты мүлдем үздім. Өйткені мен оларға өтемақыны төлеп бастаңдар деп талап қойдым. Олар "бізде ақша жоқ" деді. Бізге ешқандай да көмек көрсеткісі кеп тұрған жоқ", - дейді мүгедек болып қалған жігіттің әпкесі.
Жол апатына кінәлі жүргізуші қазір үй қамақта отыр, дейді жәбірленуші тарап.
Жол апатына түскен көлікте бес адам отырған. Талғатпен қоса тағы екі адам зардап шеккен. Бірақ жарақаттары жеңіл болғандықтан ауруханада бес күн жатып, үйлеріне қайтарылған. Ең ауыр жарақат алған Талғат қана.
"Кінәлі жүргізушінің әкесі ешбір тергеу ісіне араласпайтынын, баласы кәмелетке толған, өзі жауап беретінін айтты. Бірақ біз әкімнің бұл сөзіне сенбейміз. Әлеуметтік желіде бірінші күннен бері қасында жүрміз деп жатыр. Жүрсе өздері үшін жүр, балаларының істеген әрекеттері үшін жүр. Әкімнің баласы бір жылда 29 рет әкімшілік жауапқа тартылған. Заң бойынша көлік жүргізушісі дәл осы жол апатымен кінәлі деп танылса екі жылға бас бостандығынан айырылады немесе екі жыл қара жұмысқа тартылады. Ал менің інім өмір бойына жатады. Не үшін кінәлі адам емін-еркін жүреді?", - дейді жәбірленуші тарап.
© Photo : Талғат Емелдің жеке архивіненЕкі аяқтан айырған жол апаты: павлодарлық студенттің туыстары әділдік іздейді
Екі аяқтан айырған жол апаты: павлодарлық студенттің туыстары әділдік іздейді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Екі аяқтан айырған жол апаты: павлодарлық студенттің туыстары әділдік іздейді
Талғаттың екі аяғына протез жасату үшін кемінде 150 млн теңге ақша керек.
"Ол ең арзаны деп есептегені. Ол протезбен Талғат тұра ала ма, жоқ па, ол жағы тағы белгісіз. Тіпті жасалып, жақсы болғанның өзінде протезді 5-10 жыл сайын ауыстырып тұру керек. Інім 20 жаста ғана, өмірінде протезді қанша рет ауыстырады, қаншама қаражат кетеді есептеңізші. Ал мүгедек үшін алатын ақшасы 100 мың теңге көлемінде", - дейді Талғаттың әпкесі.
Айтуынша, қазір Талғаттың ата-анасы жұмыстарын тастап, Астанада жүр. Отбасының бар мүлкін сатса да Талғаттың протезіне қаражат жетпейді. Қазірдің өзінде күн сайынға емге кемінде 30 мың теңгеден қаражат кетіп жатыр.
Осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр, дейді Павлодар облысының полиция департаменті.
Жол апатының белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2026
Павлодарда жолдың қарсы бетіне шыққан көлік екі адамды қағып өлтірді
Жаңалықтар
0