Аргентина Англияны жеңіп, футболдан әлем чемпионатының финалына шықты

© Sputnik / Нафис Сиразетдинов / Медиабанкке өтуАргентина құрамасының ойыншылары
Аргентина құрамасының ойыншылары  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Жазылу
АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Англия құрамасын жеңіп, турнирдің финалына жолдама алды.
© Sputnik / Нафис Сиразетдинов / Медиабанкке өтуФутбол. 2026 жылғы әлем чемпионаты. Жартылай финал. Англия – Аргентина
Футбол. ЧМ-2026. Полуфинал. Англия - Аргентина - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Футбол. 2026 жылғы әлем чемпионаты. Жартылай финал. Англия – Аргентина
Атлантада өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапынан Энцо Фернандес пен Лаутаро Мартинес гол соқты. Лионель Месси екі нәтижелі пас берді. Англия құрамасы сапында Энтони Гордон мергендігімен көзге түсті.
© Sputnik / Нафис Сиразетдинов / Медиабанкке өтуЛионель Месси (Аргентина) мен Эллиот Андерсон (Англия)
Лионель Месси (Аргентина) и Эллиот Андерсон (Англия) в полуфинальном матче ЧМ - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Лионель Месси (Аргентина) мен Эллиот Андерсон (Англия)
Бұл екі құрама әлем чемпионаттары аясында алтыншы рет кездесті. Енді өзара кездесулердегі есеп 3:3 болып теңесті. Аргентина бұған дейін 1986 және 1998 жылғы әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен.
© Sputnik / Нафис Сиразетдинов / Медиабанкке өтуАргентина жанкүйерлері өз командасының әлем чемпионатының жартылай финалындағы жеңісін тойлап жатыр
Болельщики сборной Аргентины радуются победе своей команды в полуфинальном матче ЧМ - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Аргентина жанкүйерлері өз командасының әлем чемпионатының жартылай финалындағы жеңісін тойлап жатыр
Финалда әлемнің қазіргі чемпионы әрі Америка кубогының иегері Аргентина Еуропа чемпионатының қазіргі жеңімпазы Испаниямен кездеседі. Матч 19 шілдеде Нью-Йоркте өтеді. Аргентина үш дүркін әлем чемпионы (1978, 1986, 2022). Бұл – әлем чемпионаты тарихында қазіргі чемпионның алтыншы рет финалға шығуы. Бұған дейін чемпиондық атағын тек Италия (1934, 1938) мен Бразилия (1958, 1962) ғана қорғай алған.
Англия құрамасы 18 шілдеде Майамиде үшінші орын үшін өтетін матчта Франциямен кездеседі. Англия өзінің жалғыз әлем чемпиондығы атағын 1966 жылы жеңіп алған.
Матч Астана-Ордабасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2026
Футболдан әлем чемпионаты: Испания құрамасы финалға шықты
Жаңалықтар
0