https://sputnik.kz/20260716/aqmola-oblysynda-uyymdastyrylgan-khalyqaralyq-kormege-26-elden-200-kompaniya-qatysyp-zhatyr-64976996.html
Ақмола облысында ұйымдастырылған халықаралық көрмеге 26 елден 200 компания қатысып жатыр
Ақмола облысында ұйымдастырылған халықаралық көрмеге 26 елден 200 компания қатысып жатыр
Sputnik Қазақстан
"Jańa Dala / Green Day ‘2026" халықаралық мамандандырылған көрме халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктестердің басын қосты 16.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-16T21:30+0500
2026-07-16T21:30+0500
2026-07-16T21:30+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/07/10/64977107_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_501273811b58a27cbf64fbabd485ef11.jpg
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Ақмола облысында мемлекеттік органдардың, агробизнес өкілдерінің, ғылыми орта, халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктестердің басын қосқан "Jańa Dala / Green Day ‘2026" халықаралық мамандандырылған көрме-демонстрациясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.Биыл көрмеге әлемнің 26 елінен 200-ден астам компания қатысып жатыр. Демонстрациялық алаңда 500-ден астам заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы, цифрландыру, жасанды интеллект салаларындағы инновациялық шешімдер таныстырылды.Сондай-ақ ол биыл егіс алқаптарының жалпы көлемі 23,8 млн гектарды құрағанын айтты. Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жұмыстары жалғасып, жеңілдетілген дизель отыны, минералды тыңайтқыштар, тұқым және өсімдіктерді қорғау құралдары уақытылы жеткізілген. Агроөнеркәсіп кешенін жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 1 трлн теңге деңгейінде сақталды.Көрме аясында ет бағытындағы ірі қара мал тұқымдары арасындағы ұлттық конкурс, "Үздік техник-ұрықтандырушы" кәсіби шеберлік байқауы, асыл тұқымды мал аукциондары, сондай-ақ асыл тұқымды мал өсіру мен көбейтуге арналған заманауи технологиялардың көрсетілімдері ұйымдастырылған.Келушілерге заманауи ауыл шаруашылығы техникасының, агродрондардың, тракторлар мен жабдықтардың көрсетілімдері ұсынылып, инновациялық шешімдердің тиімділігін тікелей егіс алқабында бағалауға мүмкіндік берілді."Jańa Dala / Green Day ‘2026" халықаралық мамандандырылған көрмесі 17 шілдеге дейін жалғасады.
https://sputnik.kz/20260121/biyl-shalgay-zhayylymdarda-200-sharuashylyq-qurylady-60573923.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/10/64977107_0:0:1138:853_1920x0_80_0_0_100be2d49e41632220a43e70c8b87dd4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі
ауыл шаруашылығы министрлігі
Ақмола облысында ұйымдастырылған халықаралық көрмеге 26 елден 200 компания қатысып жатыр
"Jańa Dala / Green Day ‘2026" халықаралық мамандандырылған көрме халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктестердің басын қосты
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Ақмола облысында мемлекеттік органдардың, агробизнес өкілдерінің, ғылыми орта, халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктестердің басын қосқан "Jańa Dala / Green Day ‘2026" халықаралық мамандандырылған көрме-демонстрациясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды
Ауыл шаруашылығы министрлігі. Биыл көрмеге әлемнің 26 елінен 200-ден астам компания қатысып жатыр. Демонстрациялық алаңда 500-ден астам заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы, цифрландыру, жасанды интеллект салаларындағы инновациялық шешімдер таныстырылды.
"Соңғы екі жылда заманауи агротехнологияларды қолдану айтарлықтай артты. Минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі үш есеге өсіп, 1,8 млн тоннаға жетті. Элиталық тұқымдардың үлесі 7,1%-дан 11,6%-ға дейін ұлғайды. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шамамен 25 мың бірлік заманауи ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды", – деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Сондай-ақ ол биыл егіс алқаптарының жалпы көлемі 23,8 млн гектарды құрағанын айтты. Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жұмыстары жалғасып, жеңілдетілген дизель отыны, минералды тыңайтқыштар, тұқым және өсімдіктерді қорғау құралдары уақытылы жеткізілген. Агроөнеркәсіп кешенін жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 1 трлн теңге деңгейінде сақталды.
"Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын цифрландыру, жасанды интеллектті қолдану, органикалық өндірісті дамыту, халықаралық ынтымақтастық, мал шаруашылығындағы заманауи технологиялар және кадр даярлау мәселелеріне арналған аграрлық форумдар, конференциялар мен тақырыптық сессиялар өткізіліп жатыр", - дейді министрлік.
Көрме аясында ет бағытындағы ірі қара мал тұқымдары арасындағы ұлттық конкурс, "Үздік техник-ұрықтандырушы" кәсіби шеберлік байқауы, асыл тұқымды мал аукциондары, сондай-ақ асыл тұқымды мал өсіру мен көбейтуге арналған заманауи технологиялардың көрсетілімдері ұйымдастырылған.
Келушілерге заманауи ауыл шаруашылығы техникасының, агродрондардың, тракторлар мен жабдықтардың көрсетілімдері ұсынылып, инновациялық шешімдердің тиімділігін тікелей егіс алқабында бағалауға мүмкіндік берілді.
"Jańa Dala / Green Day ‘2026" халықаралық мамандандырылған көрмесі 17 шілдеге дейін жалғасады.