https://sputnik.kz/20260715/qazaqstan-men-qytay-temirzhol-operatorlary-quny-400-mln-dollarlyq-kelisimderge-qol-qoydy-64937493.html
Қазақстан мен Қытай теміржол операторлары құны 400 млн долларлық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай теміржол операторлары құны 400 млн долларлық келісімдерге қол қойды
Sputnik Қазақстан
Қол қойылған құжаттар қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 15.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-15T22:07+0500
2026-07-15T22:07+0500
2026-07-15T22:07+0500
қытай
қазақстан
теміржол
https://sputnik.kz/img/07ea/07/0f/64935889_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_b9d85a28f97b4710ca17b35826beb467.jpg
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан мен Қытай теміржол өкілдері өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.ҚТЖ басшылығы Шанхайдағы бизнес-форум аясында қытайлық серіктестермен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.Қол қойылған құжаттардың жалпы сомасы шамамен 400 млн АҚШ долларын құрайды. Келісімшарттардың бір бөлігі юань және теңге валютасында жасалды.Өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және заманауи цифрлық технологияларды енгізуге өзара мүдделі екендіктерін растады.
https://sputnik.kz/20260526/qazaqstan-ekonomikasyna-salyngan-qytay-investitsiyasynyn-kolemi-29-mlrd-dollardan-asty-63723036.html
қытай
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/0f/64935889_82:0:1143:796_1920x0_80_0_0_24174e7e00f89f82ce7e983f202d17d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, қазақстан, теміржол
қытай, қазақстан, теміржол
Қазақстан мен Қытай теміржол операторлары құны 400 млн долларлық келісімдерге қол қойды
Қол қойылған құжаттар қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан мен Қытай теміржол өкілдері өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.
ҚТЖ басшылығы Шанхайдағы бизнес-форум аясында қытайлық серіктестермен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.
"Қазақстан – Қытай: көлік-логистикалық ынтымақтастық және электрондық коммерция – жаңа технологиялар, жаңа мүмкіндіктер" атты бизнес-форум аясында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қытайлық серіктестерімен ІТ-инфрақұрылым, порттық және терминалдық логистика, кеме жасау, көлік үдерістерін цифрландыру және халықаралық көлік дәліздерін дамыту салаларындағы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойды", - делінген хабарламада.
Қол қойылған құжаттардың жалпы сомасы шамамен 400 млн АҚШ долларын құрайды. Келісімшарттардың бір бөлігі юань және теңге валютасында жасалды.
Өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және заманауи цифрлық технологияларды енгізуге өзара мүдделі екендіктерін растады.