https://sputnik.kz/20260715/astanada-qonaq-uyde-kelinshek-balany-bosanyp-kariz-qubyryna-agyzyp-zhibergen--64931677.html
Астанада келіншек қонақ үйде босанып, шақалақты кәріз құбырына ағызып жіберген
Астанада келіншек қонақ үйде босанып, шақалақты кәріз құбырына ағызып жіберген
Sputnik Қазақстан
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр 15.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-15T17:59+0500
2026-07-15T17:59+0500
2026-07-15T18:16+0500
астана
қонақ үй
https://sputnik.kz/img/1252/71/12527151_19:0:2904:1623_1920x0_80_0_0_416b907832096e5ed168efbef1baccd9.jpg
АСТАНА, 15 шілде - Sputnik. Астанада келіншек қонақ үйде босанып, шақалақты кәріз құбырына ағызып жіберген. Полиция 29 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Адам шошырлық оқиға туралы Threads қолданушысы жазды.Астана полиция департаменті бұл ақпаратты растады."Қонақ үйде бала мәйітін табу фактісі тіркелді. Бұл қылмыстық іс бойынша 29 жастағы әйел ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - дейді полиция.Қонақ үйге жапсарлас үйдің тұрғындарының айтуынша, бұл жерде жаға ұстатарлық жағдайлар жиі болады. "Біздің тыныш ауданда бірнеше жыл бұрын осы қонақ үй салынды. Енді әр түні біз осы мекеменің ашық терезелерінен шыққан түрлі дыбыстар мен айқайды естумен келеміз. Қарама-қарсы үйдегі көршілер мұны естіп қана қоймай, көреді: балалар да, қарттар да. Бұл бер жағы. Күн сайын полиция шақырамыз. Бірақ ешқандай әрекет жоқ", - деп жазды Әсел. Полицияның мәліметіше, биыл жыл басынан бері бұл қонақ үйден "102" арнасына 19 хабарлама келіп түскен. Тыныштықты бұзғаны үшін 13 адам, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жол берілген құқық бұзушылықтарға байланысты қонақ үй иесіне ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізілді, дейді Астана қаласының полиция департаменті.Айтуларынша, бұл аумақ учаскелік полиция инспекторларының тұрақты бақылауында.
https://sputnik.kz/20240715/almatyda-qoqystan-narestenin-mayiti-tabyldy-45650081.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1252/71/12527151_379:0:2543:1623_1920x0_80_0_0_259135c5131e73ec39726084f70df38c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, қонақ үй
Астанада келіншек қонақ үйде босанып, шақалақты кәріз құбырына ағызып жіберген
17:59 15.07.2026 (жаңартылды: 18:16 15.07.2026) Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
АСТАНА, 15 шілде - Sputnik. Астанада келіншек қонақ үйде босанып, шақалақты кәріз құбырына ағызып жіберген. Полиция 29 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Адам шошырлық оқиға туралы Threads қолданушысы
жазды.
"Қонақ үйге келушілердің бірі баласын дәретханада босанып, оны кәрізге ағызып жіберген. 6 айлық тірі туған қыз бала. Түнгі сағат үште көршімнің қоңырауынан ояндым, ол біздің кәрізден табылған зат туралы және полицейлерге көмектесу үшін үйден шығу қажеттілігі туралы айтты. Тәртіп сақшылары мұны кім істеуі мүмкін екенін сұрады. Біз қонақүйді көрсетті", - дейді Әсел есімді тұрғын.
Астана полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
"Қонақ үйде бала мәйітін табу фактісі тіркелді. Бұл қылмыстық іс бойынша 29 жастағы әйел ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - дейді полиция.
Қонақ үйге жапсарлас үйдің тұрғындарының айтуынша, бұл жерде жаға ұстатарлық жағдайлар жиі болады.
"Біздің тыныш ауданда бірнеше жыл бұрын осы қонақ үй салынды. Енді әр түні біз осы мекеменің ашық терезелерінен шыққан түрлі дыбыстар мен айқайды естумен келеміз. Қарама-қарсы үйдегі көршілер мұны естіп қана қоймай, көреді: балалар да, қарттар да. Бұл бер жағы. Күн сайын полиция шақырамыз. Бірақ ешқандай әрекет жоқ", - деп жазды Әсел.
Полицияның мәліметіше, биыл жыл басынан бері бұл қонақ үйден "102" арнасына 19 хабарлама келіп түскен. Тыныштықты бұзғаны үшін 13 адам, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жол берілген құқық бұзушылықтарға байланысты қонақ үй иесіне ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізілді, дейді Астана қаласының полиция департаменті.
Айтуларынша, бұл аумақ учаскелік полиция инспекторларының тұрақты бақылауында.