https://sputnik.kz/20260715/aqtobede-zeynetkerdi-emkhana-qyzmetkeri-aldap-soqty-64922163.html
Ақтөбеде зейнеткерді "емхана қызметкері" алдап соқты
Ақтөбеде зейнеткерді "емхана қызметкері" алдап соқты
Sputnik Қазақстан
70 жастағы кейуанаға алаяқтар WhatsApp мессенджері арқылы хабарласқан 15.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-15T14:22+0500
2026-07-15T14:22+0500
2026-07-15T14:22+0500
алаяқ
алаяқтық
зейнеткер
https://sputnik.kz/img/135/33/1353369_0:368:1521:1224_1920x0_80_0_0_08ada125a0ef034aa3c3fc3fa837e130.jpg
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Ақтөбеде алаяқтар зейнеткерді алдап, 750 мың теңгесін иемденіп кеткен, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.70 жастағы кейуанаға белгісіз адамдар WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, өздерін емхана қызметкері ретінде таныстырған.Арада біраз уақыт өткен соң зейнеткерге өздерін eGov порталы мен банк қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар қоңырау шалған. Олар алаяқтар оның банк шоттарына кіруге әрекет жасап жатқанын айтып, ақшасын "сақтап қалу" үшін өз нұсқауларын орындауды талап еткен.Әйел алаяқтардың айтқанына сеніп, салдарынан 750 мың теңгесінен айырылған.Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20260524/qaragandyda-alayaq-bir-birine-zhaqyn-turatyn-zeynetkerlerdi-aldap-ketken-63671905.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/135/33/1353369_0:226:1521:1367_1920x0_80_0_0_2d71875e5d703e9adc1223dce551820f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, алаяқтық, зейнеткер
алаяқ, алаяқтық, зейнеткер
Ақтөбеде зейнеткерді "емхана қызметкері" алдап соқты
70 жастағы кейуанаға алаяқтар WhatsApp мессенджері арқылы хабарласқан
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Ақтөбеде алаяқтар зейнеткерді алдап, 750 мың теңгесін иемденіп кеткен, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
70 жастағы кейуанаға белгісіз адамдар WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, өздерін емхана қызметкері ретінде таныстырған.
"Олар медициналық қызметтерді әрі қарай алу үшін қайта тіркеуден өту қажет екенін айтып, әйелдің телефонына келген SMS-кодты айтуды сұраған", – деді полиция.
Арада біраз уақыт өткен соң зейнеткерге өздерін eGov порталы мен банк қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар қоңырау шалған. Олар алаяқтар оның банк шоттарына кіруге әрекет жасап жатқанын айтып, ақшасын "сақтап қалу" үшін өз нұсқауларын орындауды талап еткен.
Әйел алаяқтардың айтқанына сеніп, салдарынан 750 мың теңгесінен айырылған.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.