https://sputnik.kz/20260715/almatyda-aptap-ystyqqa-baylanysty-zhedel-zhardem-shaqyratyndar-sany-artty-64924594.html
Алматыда аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдем шақыратындар саны артты
Алматыда аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдем шақыратындар саны артты
Sputnik Қазақстан
Дәрігерлер күн өту қаупі жоғары екенін ескертіп, тұрғындарды күндіз қажет болмаса далаға шықпауға шақырды 15.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-15T13:16+0500
2026-07-15T13:16+0500
2026-07-15T13:16+0500
аптап ыстық
алматы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/11/55721916_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_09a5fd799a0fd1f7e9f7b70d62cc0d3e.jpg
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Алматыда аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдем шақыру саны артты, деп хабарлады қала әкімдігі.Шілде айының алғашқы екі аптасында ғана жедел медициналық жәрдем қызметіне 33,6 мыңнан астам шақырту түсті.Алматыдағы емханалар созылмалы ауруы бар науқастарға диспансерлік бақылауды жалғастырып, оларды қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етуде және денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр.Дәрігерлер тұрғындарға сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін күннің астында ұзақ болмауға, жеткілікті мөлшерде су ішуге, жеңіл киім мен бас киім киюге кеңес береді. Егер денсаулық жағдайыңыз нашарласа, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.Астанада да жағдай мәз емес. 14 шілдеде ауа температурасы +38,6 градусқа дейін көтерілді. Бұған дейін 14 шілдедегі ең ыстық күн 1992 жыл болған еді. Ол кезде термометр бағаны +35,3 градусты көрсеткен.
https://sputnik.kz/20260712/qazaqstannyn-birneshe-onirinde-45-gradusqa-deyin-ystyq-bolady-64857027.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/11/55721916_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_84b75f4b8fe0d32fb7c5d5c4a46f6432.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аптап ыстық, алматы
Алматыда аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдем шақыратындар саны артты
Дәрігерлер күн өту қаупі жоғары екенін ескертіп, тұрғындарды күндіз қажет болмаса далаға шықпауға шақырды
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Алматыда аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдем шақыру саны артты, деп хабарлады қала әкімдігі.
Шілде айының алғашқы екі аптасында ғана жедел медициналық жәрдем қызметіне 33,6 мыңнан астам шақырту түсті.
"Әсіресе, артериялық қан қысымының көтерілуі, жүрек-қан тамырлары аурулары, оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы мен жедел миокард инфаркті көптеп тіркелген. Сонымен қатар, ми қан айналымының жедел бұзылысына шалдыққан науқастар шұғыл түрде қалалық стационарларға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Алматыдағы емханалар созылмалы ауруы бар науқастарға диспансерлік бақылауды жалғастырып, оларды қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етуде және денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр.
Дәрігерлер тұрғындарға сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін күннің астында ұзақ болмауға, жеткілікті мөлшерде су ішуге, жеңіл киім мен бас киім киюге кеңес береді. Егер денсаулық жағдайыңыз нашарласа, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
Астанада да жағдай мәз емес. 14 шілдеде ауа температурасы +38,6 градусқа дейін көтерілді. Бұған дейін 14 шілдедегі ең ыстық күн 1992 жыл болған еді. Ол кезде термометр бағаны +35,3 градусты көрсеткен.