https://sputnik.kz/20260715/5-adam-koz-zhumdymangystauda-zholdy-tiisinshe-kutip-ustamau-isi-boyynsha-algash-ret-ukim-shyqty-64933829.html
5 адам көз жұмды:Маңғыстауда жолды тиісінше күтіп ұстамау ісі бойынша алғаш рет үкім шықты
5 адам көз жұмды:Маңғыстауда жолды тиісінше күтіп ұстамау ісі бойынша алғаш рет үкім шықты
Sputnik Қазақстан
16 қаңтарда республикалық маңызы бар жолда көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусы апатқа ұшырады 15.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-15T19:42+0500
2026-07-15T19:42+0500
2026-07-15T19:42+0500
маңғыстау облысы
жол апаты
сот үкімі
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/07ea/01/10/60439807_25:169:859:638_1920x0_80_0_0_95bc5ed322891beabdb9f0b56b4c603e.jpg
АСТАНА, 15 шілде - Sputnik. Маңғыстауда жолды тиісінше күтіп ұстамау ісі бойынша Қазақстандағы алғашқы үкім шықты, деп хабарлайды Бас прокуратура.Бейнеу аудандық соты бес адамның өмірін қиған жол апаты туралы қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.Қайғылы оқиға 2026 жылғы 16 қаңтарда республикалық маңызы бар "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" автожолында болған. Көктайғақтың салдарынан жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, бес адам қаза тапты. Тағы 14 адам түрлі жарақаттар алды.Айта кетері, бұл — Қазақстанның құқық қолдану тәжірибесіндегі, автомобиль жолын қыста тиісінше күтіп ұстамау адамдардың өлімі үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз болған тұңғыш қылмыстық іс. Сот үкімімен "КАЖСервис" ЖШС Маңғыстау облыстық филиалының №57 жол пайдалану бөлімшесінің (ЖПБ-57) бастығы ҚР ҚК-нің 353-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
https://sputnik.kz/20260116/mangystau-oblysynda-avtobus-apatynan-tort-adam-qaza-tapty-60440857.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/10/60439807_2:103:825:720_1920x0_80_0_0_338745ad0ed8fa284103ddfc7f0ee524.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, жол апаты, сот үкімі, бас прокуратура
маңғыстау облысы, жол апаты, сот үкімі, бас прокуратура
5 адам көз жұмды:Маңғыстауда жолды тиісінше күтіп ұстамау ісі бойынша алғаш рет үкім шықты
16 қаңтарда республикалық маңызы бар жолда көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
АСТАНА, 15 шілде - Sputnik. Маңғыстауда жолды тиісінше күтіп ұстамау ісі бойынша Қазақстандағы алғашқы үкім шықты, деп хабарлайды
Бас прокуратура. Бейнеу аудандық соты бес адамның өмірін қиған жол апаты туралы қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 16 қаңтарда республикалық маңызы бар "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" автожолында болған. Көктайғақтың салдарынан жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, бес адам қаза тапты. Тағы 14 адам түрлі жарақаттар алды.
"Тергеп-тексеру амалдарын Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізді. Олар қайғылы оқиғаға автожолды қысқы кезеңде тиісінше күтіп ұстамау себеп болғанын анықтады. Тергеу нәтижесінде жауапты тұлғалардың әрекетсіздігі мен орын алған ауыр салдар арасындағы тікелей себеп-салдар дәлелденді", - делінген хабарламада.
Айта кетері, бұл — Қазақстанның құқық қолдану тәжірибесіндегі, автомобиль жолын қыста тиісінше күтіп ұстамау адамдардың өлімі үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз болған тұңғыш қылмыстық іс.
Сот үкімімен "КАЖСервис" ЖШС Маңғыстау облыстық филиалының №57 жол пайдалану бөлімшесінің (ЖПБ-57) бастығы ҚР ҚК-нің 353-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
Оған 2 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.