Құрылтай сайлауына бөлінген қаржының көлемі белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевИзбирательный участок № 58 в Астане
Избирательный участок № 58 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2026
Жазылу
Бөлінген қаржының 70%-і сайлау комиссияларында жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысына жұмсалмақ
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына бөлінген қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алдағы сайлауға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлініп отыр.
Комиссия мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, осы ақшаның басым бөлігі - 70%-і сайлау комиссияларында жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысына жұмсалады.
"Бүгінде 10 674 сайлау учаскесі бар. Ал комиссия мүшелерінің жалпы саны 70 мың адамнан асады", - деді Бортник.
Қалған ақша жаңа 48 сайлау учаскелерін ашуға, полиграфиялық жұмыстарға, соның ішінде бюллетеньдерді басып шығаруға, сондай-ақ, ақпараттық плакаттарға жұмсалады.
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2026
Құрылтай сайлауы кезінде сауалнама жүргізуге бес ұйым ниет білдірді
Жаңалықтар
0