Қосылған құн салығы бойынша кірістер бір жарым есе артты – Жұманғарин

© Photo : СС0 / edarБухгалтер
Бухгалтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2026
Жазылу
Кәсіпкерлердің өзін-өзі жұмыспен қамтуға ауысуы салық түсімін төмендетпеді
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығы бойынша жарты жылдың есебін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде кәсіпкерлердің жалпы саны 2 млн 939 мыңды құрап отыр. Бұл жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 499 мың субъектіге немесе 20,4%-ға артық. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың саны 688 597-ге дейін жетті. Дегенмен қосылған құн салығын төлеушілер саны 135 845-тен 158 194-ке дейін өсті.
"Жеке кәсіпкерлердің өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына ауысуына қарамастан экономикадағы бір жұмысшыға шаққандағы жалпы қосылған құнның оң өсуі сақталуда. Биылғы бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджеттің кірісі шамамен 16%-ға өсті", - деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ол әсіресе қосылған құн салығы бойынша түсімдердің динамикасына ерекше назар аударды.
"Қосылған құн салығы бойынша кірістер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір жарым есе өсті", - деп толықтырды ұлттық экономика министрі.
Қазақстанда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 60 проценттен астамы сауда, ауыл шаруашылығы және өзге де қызметтер көрсету салаларында жұмыс істейді.
Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2026
Былтырғыға қарағанда биыл 1 трлн теңгеге көп салық түскен
Жаңалықтар
0