https://sputnik.kz/20260714/mausymda-qazaqstanda-inflyatsiya-103-ga-deyin-tomendedi--eadb-64883716.html
Маусымда Қазақстанда инфляция 10,3%-ға дейін төмендеді – ЕАДБ
Маусымда Қазақстанда инфляция 10,3%-ға дейін төмендеді – ЕАДБ
Sputnik Қазақстан
Инфляцияның баяулауына азық-түлік бағасының өсу қарқынының төмендеуі әсер етті 14.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-14T13:52+0500
2026-07-14T13:52+0500
2026-07-14T13:52+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1e/48166776_0:71:961:612_1920x0_80_0_0_afe497a4be0462b94429a20c3c6f7db4.jpg
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Еуразия даму банкі (ЕАДБ) ЕАЭО елдерінің экономикасына арналған апталық макрошолуды жариялады.Маусым айында Қазақстанда жылдық инфляция 10,3%-ды құрады. Мамырда бұл көрсеткіш 10,4% болған. Инфляцияның баяулауына азық-түлік бағасының өсу қарқынының төмендеуі әсер етті: мамырдағы 10,7%-дан маусымда 10,4%-ға дейін түсті.Сонымен қатар, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі өзгеріссіз қалып, 11,7%-ды құрады. Ал қызмет көрсету саласындағы инфляция мамырдағы 8,7%-дан 9,0%-ға дейін өсті.ЕАДБ сарапшыларының пікірінше, жоғары пайыздық мөлшерлемелер инфляциялық қысымды тежеуге ықпал ете береді. 2026 жылдың соңына қарай Қазақстандағы инфляция 9,7%-ға дейін төмендейді.Беларусьте инфляция 2023 жылдың қазан айынан бергі ең төменгі деңгейге жетті. Маусымда ол 4,3%-ды құрады, ал мамырда 4,8% болған.Бұған негізінен азық-түлік бағасының өсу қарқынының баяулауы әсер етті. Маусымда ол 3,4%-ға дейін төмендесе, мамырда 4,9% болған. Әсіресе жеміс-көкөніс өнімдері бір жыл ішінде 11,5%-ға арзандады. Мамырда бұл көрсеткіш 7,8% болған. ЕАДБ мұны ішінара Беларусь рублінің бір жылда 6,1%-ға нығаюымен байланыстырды.Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі айтарлықтай өзгерген жоқ және 2,1%-ды құрады. Ал қызмет көрсету саласындағы инфляция жалақының жоғары қарқынмен өсуіне байланысты 8,5%-дан 8,8%-ға дейін көтерілді.Осының нәтижесінде базалық инфляция маусымда 4,8%-ға дейін төмендеді. Мамырда ол 5,3% болған. Сарапшылардың айтуынша, бұл инфляцияның тұрақты түрде бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді. ЕАДБ 2026 жылдың қорытындысы бойынша Беларусьтегі инфляция 7%-дық шекті деңгейден төмен болады деп болжайды.Ресейде 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында федералдық бюджет тапшылығы 5,7 трлн рубльді немесе 34,5 трлн теңгені (74,2 млрд доллар) құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 3,4 трлн рубль немесе 20,5 трлн теңге (44,3 млрд доллар) болған.Соған қарамастан, бюджет жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Мемлекеттік кірістер 5,8%-ға өсті. Наурыз айынан бастап мұнай бағасының қалпына келуі екінші тоқсанда мұнай-газдан түсетін кірістің артуына ықпал етті. Дегенмен, жыл басындағы төмен көрсеткіштердің орнын толық толтыра алмады. Нәтижесінде жарты жыл ішінде мұнай-газ кірісі 22,7%-ға азайды.Сонымен бірге мұнай-газға жатпайтын кірістер 16,3%-ға өсті. Бұл бюджетте жоспарланған 8,9%-дық көрсеткіштен жоғары. Ал мемлекеттік шығыстар 16,1%-ға көбейді. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алу көлемінің 47,4%-ға артуы әсер етіп, бюджет тапшылығының жоғары деңгейде сақталуына себеп болды.ЕАДБ сарапшыларының болжамынша, мұнай-газға жатпайтын кірістердің әрі қарай өсуі және мұнай нарығындағы қолайлы баға жағдайы 2026 жылдың екінші жартысында бюджет тапшылығының қысқаруына ықпал етеді.
https://sputnik.kz/20260210/suleymenov-biyl-inflyatsiya-10-payyzdan-tomendeydi-dep-bolzhanyp-otyr-61053237.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1e/48166776_0:0:961:720_1920x0_80_0_0_2ac9395945a9a1dda05dff7b5a9ec0e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Маусымда Қазақстанда инфляция 10,3%-ға дейін төмендеді – ЕАДБ
Инфляцияның баяулауына азық-түлік бағасының өсу қарқынының төмендеуі әсер етті
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Еуразия даму банкі (ЕАДБ) ЕАЭО елдерінің экономикасына арналған апталық макрошолуды жариялады.
Маусым айында Қазақстанда жылдық инфляция 10,3%-ды құрады. Мамырда бұл көрсеткіш 10,4% болған. Инфляцияның баяулауына азық-түлік бағасының өсу қарқынының төмендеуі әсер етті: мамырдағы 10,7%-дан маусымда 10,4%-ға дейін түсті.
Сонымен қатар, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі өзгеріссіз қалып, 11,7%-ды құрады. Ал қызмет көрсету саласындағы инфляция мамырдағы 8,7%-дан 9,0%-ға дейін өсті.
ЕАДБ сарапшыларының пікірінше, жоғары пайыздық мөлшерлемелер инфляциялық қысымды тежеуге ықпал ете береді. 2026 жылдың соңына қарай Қазақстандағы инфляция 9,7%-ға дейін төмендейді.
Беларусьте инфляция 2023 жылдың қазан айынан бергі ең төменгі деңгейге жетті. Маусымда ол 4,3%-ды құрады, ал мамырда 4,8% болған.
Бұған негізінен азық-түлік бағасының өсу қарқынының баяулауы әсер етті. Маусымда ол 3,4%-ға дейін төмендесе, мамырда 4,9% болған. Әсіресе жеміс-көкөніс өнімдері бір жыл ішінде 11,5%-ға арзандады. Мамырда бұл көрсеткіш 7,8% болған. ЕАДБ мұны ішінара Беларусь рублінің бір жылда 6,1%-ға нығаюымен байланыстырды.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі айтарлықтай өзгерген жоқ және 2,1%-ды құрады. Ал қызмет көрсету саласындағы инфляция жалақының жоғары қарқынмен өсуіне байланысты 8,5%-дан 8,8%-ға дейін көтерілді.
Осының нәтижесінде базалық инфляция маусымда 4,8%-ға дейін төмендеді. Мамырда ол 5,3% болған. Сарапшылардың айтуынша, бұл инфляцияның тұрақты түрде бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді. ЕАДБ 2026 жылдың қорытындысы бойынша Беларусьтегі инфляция 7%-дық шекті деңгейден төмен болады деп болжайды.
Ресейде 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында федералдық бюджет тапшылығы 5,7 трлн рубльді немесе 34,5 трлн теңгені (74,2 млрд доллар) құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 3,4 трлн рубль немесе 20,5 трлн теңге (44,3 млрд доллар) болған.
Соған қарамастан, бюджет жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Мемлекеттік кірістер 5,8%-ға өсті. Наурыз айынан бастап мұнай бағасының қалпына келуі екінші тоқсанда мұнай-газдан түсетін кірістің артуына ықпал етті. Дегенмен, жыл басындағы төмен көрсеткіштердің орнын толық толтыра алмады. Нәтижесінде жарты жыл ішінде мұнай-газ кірісі 22,7%-ға азайды.
Сонымен бірге мұнай-газға жатпайтын кірістер 16,3%-ға өсті. Бұл бюджетте жоспарланған 8,9%-дық көрсеткіштен жоғары. Ал мемлекеттік шығыстар 16,1%-ға көбейді. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алу көлемінің 47,4%-ға артуы әсер етіп, бюджет тапшылығының жоғары деңгейде сақталуына себеп болды.
ЕАДБ сарапшыларының болжамынша, мұнай-газға жатпайтын кірістердің әрі қарай өсуі және мұнай нарығындағы қолайлы баға жағдайы 2026 жылдың екінші жартысында бюджет тапшылығының қысқаруына ықпал етеді.