15 мың адамды заңсыз тіркеп, 79 млн теңге жымқырған:Астанада жеке клиника басшысы сотталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өту15 мың адамды заңсыз тіркеп, 79 млн теңге жымқырған: Астанада клиника басшысы сотталды
15 мың адамды заңсыз тіркеп, 79 млн теңге жымқырған: Астанада клиника басшысы сотталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2026
Жазылу
Ол клиникаға басқа өңір тұрғындарын, заңды өкілдерінің құжаттарынсыз кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ елден тыс жерге кеткен азаматтарды тіркеген
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Астанадағы жеке клиникада медициналық қызметтер үшін жалған есептеулер анықталды, деп хабарлайды қаржылыл мониторинг агенттігі.
Жеке клиника басшысы МӘМС-тен қаржы алу мақсатында емханаға тіркелген азаматтар санын жасанды түрде көбейткен.

Бұл схеманы жүзеге асыру үшін ол "Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы" қызметкерін тартқан.
"Ол қызметтік қолжетімділігін пайдаланып, жалған өтінімдерді заңсыз мақұлдап отырған. Нәтижесінде қолданыстағы ережелер бойынша мұндай тәсіл тек жекелеген санаттағы азаматтарға ғана қолданылатынына қарамастан, 15 мыңнан астам адам жазбаша өтініштер негізінде емханаға тіркелген", - делінген мәлімдемеде.
Тексеру барысында басқа өңірлердің тұрғындарын, заңды өкілдерінің құжаттарынсыз кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ елден тыс жерге кеткен азаматтарды тіркеу фактілері анықталды.
Сондай-ақ клиника басшысы "Damu Med"-тегі медицина қызметкерлерінің есептік жазбасын бақылауға алған. Осылайша азаматтарға медициналық қызмет көрсетілгені туралы жалған мәлімет енгізіп, Қордан қаржы алған.

Сот үкімімен клиника басшысы 5 жылға, ал орталық қызметкері 3 жылға сотталды.
Атырау облысында хирург тегін отаны ақшаға жасап, науқастардан 8 млн тапқан - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2026
Атырауда хирург МӘМС аясында тегін жасалатын ота үшін науқастардан ақша алып, 8 млн тапқан
Жаңалықтар
0