https://sputnik.kz/20260713/ush-oblysta-gazdandyru-dengeyi-6-ga-da-zhetpeydi-64845388.html
Үш облыста газдандыру деңгейі 6%-ға да жетпейді
Үш облыста газдандыру деңгейі 6%-ға да жетпейді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда газбен қамту деңгейі 64%-дан асты 13.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-13T08:00+0500
2026-07-13T08:00+0500
2026-07-13T08:00+0500
газ
газдандыру
https://sputnik.kz/img/711/24/7112449_0:157:3083:1891_1920x0_80_0_0_675ec334e9da6ea5771cceb2d8d11319.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. 2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша Қазақстанда газбен қамту деңгейі 64%-дан асты. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 43% болған. Осылайша, кейінгі он жыл ішінде газдандыру деңгейі 21 пайызға артты, деп хабарлады Ranking.kz.Биыл 11 маусымда парламент газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған заң қабылдады. Жалпы, Қазақстанды газбен қамту 2035 жылға дейінгі газбен қамтудың бас схемасы аясында іске асырылып жатыр.2026 жылы газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде тағы 36 мың тұрғын табиғи газға қосылады. Биыл бұл бағытқа республикалық бюджеттен 27,3 млрд теңге бөлінді.Магистральдық газ инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріліп отыр. Мәселен, Қостанай облысындағы ірі өнеркәсіптік жобаларды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін КС-14 компрессорлық станциясы мен "КС-14 – Қостанай" магистральдық газ құбырын салу жобасы жүзеге асырылып жатыр.Сондай-ақ катарлық инвесторлардың қатысуымен "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісін салудың бірінші кезеңі жалғасуда. Биыл жыл соңына дейін жылына 10 млрд текше метрге дейін газ өткізуге мүмкіндік беретін ұзындығы 1,5 мың шақырым газ құбырының желілік бөлігін аяқтау жоспарланып отыр.2027–2029 жылдарға жоспарланған жобаның екінші кезеңінде компрессорлық станциялар салынып, газ құбырының өткізу қабілеті жылына 15 млрд текше метрге дейін ұлғайтылады.Тағы бір стратегиялық жоба – Алматы және Жетісу облыстарын қосымша газ көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін "Алматы – Талдықорған" магистральдық газ құбырының екінші желісін салу.Өңірлердегі жағдайЕл бойынша газбен қамту деңгейі артқанымен, өңірлер арасында айтарлықтай айырмашылық сақталып отыр.Газбен қамту деңгейі жоғары өңірлер:Газбен қамту деңгейі төмен өңірлер:2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарына табиғи газ толық жеткізілмеген.Сонымен қатар бірқатар өңірде халықтың табиғи газға қолжетімділігін арттыруға бағытталған жобалар іске асырылып жатыр.Түркістан облысы2025 жылы өңірде газ инфрақұрылымының 87 нысанын салуға 20,7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 45 нысан пайдалануға берілді, ал 42 нысан бойынша жұмыстар 2026 жылға ауыстырылып, жалғасып жатыр.2025 жылдың қорытындысы бойынша 41 елді мекеннің 102 мың тұрғыны табиғи газбен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде Түркістан облысындағы 801 елді мекеннің 606-сы табиғи газға қосылды. Өңірдің газбен қамту деңгейі 88%-ға жетті. 2026 жылы 74 нысанның құрылысына 13,7 млрд теңге бөлінді. Оның 2,4 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 11,3 млрд теңгесі облыстық бюджеттен қарастырылған.Жыл соңына дейін 33 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл 34 елді мекеннің 35 мыңнан астам тұрғынын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде өңірдің газбен қамту деңгейі 89,5%-ға жетеді.Қостанай облысы2030 жылға дейінгі газбен қамтудың бас схемасы негізінде әзірленген өңірлік схема аясында облыста жоспарланған 56 жобаның 22-сі іске асырылды. Қалған 34 жоба аяқталғаннан кейін газбен қамтылған елді мекендер саны 116-ға дейін өседі. Бұл жалпы елді мекендердің 23,1%-ын құрайды. Ал халықты газбен қамту деңгейі 67,7%-ға, яғни 556 685 адамға дейін жетеді.Газбен қамту деңгейін арттыру үшін 2026–2028 жылдарға арналған жалпы құны 6,1 млрд теңге болатын 8 жобаны қаржыландыруға өтінім берілді. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде халықты газбен қамту деңгейі 60,4%-дан 61,1%-ға дейін көтеріледі. Сонымен қатар өңірде тұрғын үй құрылысы мен өнеркәсіптің дамуына байланысты табиғи газ тұтыну көлемі артып келеді. Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысындағы КС-14 компрессорлық станциясынан Қостанайға дейін магистральдық газ құбырын салу жобасы жүзеге асырылып жатыр.Жобаны іске асыру өңірдің газбен қамтылуын арттырып қана қоймай, жаңа өндірістер ашуға, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20260619/1-shildeden-bastap-tauarlyq-gaz-bagasy-33--ke-qymbattaydy-64244037.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/711/24/7112449_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_e6a0c07e1c644bf12150fda4ac14945a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, газдандыру
Үш облыста газдандыру деңгейі 6%-ға да жетпейді
Қазақстанда газбен қамту деңгейі 64%-дан асты
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. 2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша Қазақстанда газбен қамту деңгейі 64%-дан асты. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 43% болған. Осылайша, кейінгі он жыл ішінде газдандыру деңгейі 21 пайызға артты, деп хабарлады
Ranking.kz. Биыл 11 маусымда парламент газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған заң қабылдады. Жалпы, Қазақстанды газбен қамту 2035 жылға дейінгі газбен қамтудың бас схемасы аясында іске асырылып жатыр.
"2025 жылдың қорытындысында газдандыру бойынша 84 жоба іске асырылып, 94 елді мекеннің 354 мыңнан астам тұрғыны табиғи газға қол жеткізді. Бір жыл ішінде 2 мың шақырым газ тарату желісі салынды. Нәтижесінде 20,5 миллион халықтың 13 миллионнан астамы табиғи газбен қамтылды", - деп жазды портал.
2026 жылы газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде тағы 36 мың тұрғын табиғи газға қосылады. Биыл бұл бағытқа республикалық бюджеттен 27,3 млрд теңге бөлінді.
Магистральдық газ инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріліп отыр. Мәселен, Қостанай облысындағы ірі өнеркәсіптік жобаларды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін КС-14 компрессорлық станциясы мен "КС-14 – Қостанай" магистральдық газ құбырын салу жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Сондай-ақ катарлық инвесторлардың қатысуымен "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісін салудың бірінші кезеңі жалғасуда. Биыл жыл соңына дейін жылына 10 млрд текше метрге дейін газ өткізуге мүмкіндік беретін ұзындығы 1,5 мың шақырым газ құбырының желілік бөлігін аяқтау жоспарланып отыр.
2027–2029 жылдарға жоспарланған жобаның екінші кезеңінде компрессорлық станциялар салынып, газ құбырының өткізу қабілеті жылына 15 млрд текше метрге дейін ұлғайтылады.
Тағы бір стратегиялық жоба – Алматы және Жетісу облыстарын қосымша газ көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін "Алматы – Талдықорған" магистральдық газ құбырының екінші желісін салу.
Ел бойынша газбен қамту деңгейі артқанымен, өңірлер арасында айтарлықтай айырмашылық сақталып отыр.
Газбен қамту деңгейі жоғары өңірлер:
Маңғыстау облысы – 99,8%;
Батыс Қазақстан облысы – 99,7%;
Газбен қамту деңгейі төмен өңірлер:
Шығыс Қазақстан облысы – 3,3%.
2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарына табиғи газ толық жеткізілмеген.
Сонымен қатар бірқатар өңірде халықтың табиғи газға қолжетімділігін арттыруға бағытталған жобалар іске асырылып жатыр.
2025 жылы өңірде газ инфрақұрылымының 87 нысанын салуға 20,7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 45 нысан пайдалануға берілді, ал 42 нысан бойынша жұмыстар 2026 жылға ауыстырылып, жалғасып жатыр.
2025 жылдың қорытындысы бойынша 41 елді мекеннің 102 мың тұрғыны табиғи газбен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде Түркістан облысындағы 801 елді мекеннің 606-сы табиғи газға қосылды. Өңірдің газбен қамту деңгейі 88%-ға жетті. 2026 жылы 74 нысанның құрылысына 13,7 млрд теңге бөлінді. Оның 2,4 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 11,3 млрд теңгесі облыстық бюджеттен қарастырылған.
Жыл соңына дейін 33 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл 34 елді мекеннің 35 мыңнан астам тұрғынын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде өңірдің газбен қамту деңгейі 89,5%-ға жетеді.
2030 жылға дейінгі газбен қамтудың бас схемасы негізінде әзірленген өңірлік схема аясында облыста жоспарланған 56 жобаның 22-сі іске асырылды. Қалған 34 жоба аяқталғаннан кейін газбен қамтылған елді мекендер саны 116-ға дейін өседі. Бұл жалпы елді мекендердің 23,1%-ын құрайды. Ал халықты газбен қамту деңгейі 67,7%-ға, яғни 556 685 адамға дейін жетеді.
Газбен қамту деңгейін арттыру үшін 2026–2028 жылдарға арналған жалпы құны 6,1 млрд теңге болатын 8 жобаны қаржыландыруға өтінім берілді. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде халықты газбен қамту деңгейі 60,4%-дан 61,1%-ға дейін көтеріледі. Сонымен қатар өңірде тұрғын үй құрылысы мен өнеркәсіптің дамуына байланысты табиғи газ тұтыну көлемі артып келеді. Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысындағы КС-14 компрессорлық станциясынан Қостанайға дейін магистральдық газ құбырын салу жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Жобаны іске асыру өңірдің газбен қамтылуын арттырып қана қоймай, жаңа өндірістер ашуға, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.