https://sputnik.kz/20260713/qazaqstanda-sary-may-ondirisi-artty-64878982.html
Қазақстанда сары май өндірісі артты
Қазақстанда сары май өндірісі артты
Sputnik Қазақстан
Отандық сары майдың негізгі сатып алушылары Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Беларусь елдері 13.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-13T20:13+0500
2026-07-13T20:13+0500
2026-07-13T20:13+0500
күнбағыс майы
өндіріс
статистика комитеті
экспорт
импорт
https://sputnik.kz/img/old/610/87/6108758_0:24:431:266_1920x0_80_0_0_facb6cceecaef5174a08b7328b1fd45a.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Қазақстанда сары май мен күнбағыс майы өндірісінің көлемі артты, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша елде сары май мен күнбағыс майы өндірісінің тұрақты өсімі байқалған. Сыртқы сауда көрсеткіштері де оң динамика көрсетті: өнімнің екі санаты бойынша экспорт көлемі ұлғайып, бұл отандық қайта өңдеу өнеркәсібінің әлеуетінің артып келе жатқанын айғақтайды, дейді бюро.Негізгі экспорттық нарықтар – Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Беларусь.Сары май импорты 2 242,2 тоннаны құраған. Ішкі нарықтағы импорттық өнімнің үлесі 13,9% болды. Негізгі жеткізушілер – Беларусь пен Иран. Төрт айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 15,7 мың тонна сары май өткізілді.Күнбағыс майының экспорты 49,6% артты. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында экспорттық жеткізілімдердің көлемі 353,8 мың тоннаны құрады, ал өткен жылдың осы кезеңінде 236,4 мың тонна өнім экспортталған. Негізгі экспорт бағыттары: 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ішкі нарығында 29,7 мың тонна күнбағыс майы өткізілді.
https://sputnik.kz/20260710/qazaqstanda-balmuzdaqtyn-eksporty-men-ondirisi-artty-64801824.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/610/87/6108758_21:0:408:290_1920x0_80_0_0_b2f8ed29e03910c32a4434326f82cd95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күнбағыс майы, өндіріс, статистика комитеті, экспорт, импорт
күнбағыс майы, өндіріс, статистика комитеті, экспорт, импорт
Қазақстанда сары май өндірісі артты
Отандық сары майдың негізгі сатып алушылары Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Беларусь елдері
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Қазақстанда сары май мен күнбағыс майы өндірісінің көлемі артты, деп хабарлайды
Ұлттық статистика бюросы.
2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша елде сары май мен күнбағыс майы өндірісінің тұрақты өсімі байқалған. Сыртқы сауда көрсеткіштері де оң динамика көрсетті: өнімнің екі санаты бойынша экспорт көлемі ұлғайып, бұл отандық қайта өңдеу өнеркәсібінің әлеуетінің артып келе жатқанын айғақтайды, дейді бюро.
"Есепті кезеңде республикада майлылығы 85% аспайтын 13,8 мың тонна сары май өндірілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4% артық. Сары май экспорты 40,4% өсті. 2026 жылғы қаңтар–сәуір аралығында шетелге 394,1 тонна өнім экспортталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі 280,7 тоннамен салыстырғанда айтарлықтай жоғары", - делінген хабарламада.
Негізгі экспорттық нарықтар – Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Беларусь.
Сары май импорты 2 242,2 тоннаны құраған. Ішкі нарықтағы импорттық өнімнің үлесі 13,9% болды. Негізгі жеткізушілер – Беларусь пен Иран. Төрт айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 15,7 мың тонна сары май өткізілді.
"Күнбағыс майы өндірісінде де оң өсім сақталуда. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында отандық кәсіпорындар 335,5 мың тонна тазартылған және тазартылмаған күнбағыс майын өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% көп", - дейді Ұлттық статистика бюросы.
Күнбағыс майының экспорты 49,6% артты. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында экспорттық жеткізілімдердің көлемі 353,8 мың тоннаны құрады, ал өткен жылдың осы кезеңінде 236,4 мың тонна өнім экспортталған. Негізгі экспорт бағыттары:
Өзбекстанға – 153,2 мың тонна;
Қытайға – 127,2 мың тонна,;
Ауғанстанға – 38,6 мың тонна;
Тәжікстанға – 27 мың тонна;
Иранға – 4,9 мың тонна және басқа да елдер.
2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ішкі нарығында 29,7 мың тонна күнбағыс майы өткізілді.