Қазақстанда "Құрметті донор" наградасы енгізілді

© Пресс-служба Министерства здравоохранения РКНовая награда "Почетный донор" появилась в Казахстане
Новая награда Почетный донор появилась в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2026
Жазылу
Жыл сайын Қазақстанда 180 мыңнан астам адам донор болады
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Үкімет қаулысымен қан донорларына арналған "Құрметті донор" төсбелгісі алғаш рет ресми түрде бекітілді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Марапаттың алғашқы иегерлері белгіленген талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донор болады.
"Ведомстволық төсбелгі Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға өтеусіз негізде донорлық жасағаны үшін беріледі. Атап айтқанда, кемінде 40 рет қан және (немесе) тромбоцит, кемінде 70 рет қан плазмасын тапсыру қажет", - деп жазылған хабарламада.
Төсбелгілерді Қазақстан теңге сарайы дайындайды. Медальдің әрбір бөлшегі терең мағыналық мәнге ие және Қазақстан Республикасы Геральдика жөніндегі республикалық комиссиясы бекіткен.
Бекітілген дизайнға сәйкес төсбелгінің негізгі символы қанық қызыл түсті эмальмен көмкерілген қан тамшысы түрінде жасалған. Тамшының ішінде ақ түсті эмальмен бейнеленген жүрек соғысының графикалық ырғағы орналасқан. Барлық композиция күңгірт өңделген дөңгелек жиекпен қоршалған.
Жыл сайын Қазақстанда 180 мыңнан астам азамат донор болып, 255 мыңнан астам донация жасайды. Соның нәтижесінде жыл сайын 80 мыңнан астам пациентке сапалы қан құю көмегі көрсетіліп, олардың өмірін сақтап қалуға және сауығуына мүмкіндік беріледі.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес медициналық тексеруден өту және қан мен оның компоненттерін тапсыру күндері донор қызметкер орташа жалақысы сақтала отырып жұмыстан босатылады.
Қазақстанда екі донор 6 адамның өмірін сақтап қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2026
Қазақстанда қайтыс болған соң донор болуға келіскендер саны 70%-ке өсті
Жаңалықтар
0