https://sputnik.kz/20260713/agrarshylardy-qoldauga-60-mlrd-tengeden-astam-qarzhy-bolinedi-64871489.html
Аграршыларды қолдауға 60 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
Аграршыларды қолдауға 60 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
Sputnik Қазақстан
Фермерлік шаруашылықтардың шоттарына 51,6 млрд теңге аударылды 13.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-13T13:43+0500
2026-07-13T13:43+0500
2026-07-13T13:43+0500
диқандар
диқаншылық
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382087_30:0:1251:687_1920x0_80_0_0_6b3ab9e6fab47aadc3ac40b8ac147109.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Биыл Азық-түлік келісімшарт корпорациясы аграршыларды қолдауға 60 млрд теңгеден астам қаржы бөледі, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.2026 жылдың алғашқы жарты жылдығында ұлттық оператор фермерлік шаруашылықтардың шоттарына 51,6 млрд теңге аударды."Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтың айтуынша бұған дейін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясының" капиталын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік инвестициялар бүгінде өз тиімділігін көрсетіп жатыр.Қайта айналымға түскен қаражат ең сұранысқа ие тетіктер – ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей сатып алу және көктемгі егіс жұмыстарын форвардтық қаржыландыру бағдарламаларын іске асыруға арналмақ.Осылайша, тікелей сатып алу және форвардтық қаржыландыру тетіктері бір мезгілде бірнеше маңызды міндетті шешуге мүмкіндік береді. Олар аграршыларды қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің стратегиялық астық қорын қалыптастыруға да жол ашады.
https://sputnik.kz/20260526/ontustiktegi-diqandar-sumen-qamtylady-qazaqstan-tazhikstan-zhane-ozbekstan-kelisimge-keldi-63710360.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382087_182:0:1098:687_1920x0_80_0_0_4d4f97728a4887e073755173ad98c142.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
диқандар, диқаншылық
Аграршыларды қолдауға 60 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
Фермерлік шаруашылықтардың шоттарына 51,6 млрд теңге аударылды
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Биыл Азық-түлік келісімшарт корпорациясы аграршыларды қолдауға 60 млрд теңгеден астам қаржы бөледі, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2026 жылдың алғашқы жарты жылдығында ұлттық оператор фермерлік шаруашылықтардың шоттарына 51,6 млрд теңге аударды.
"Форвардтық келісімшарттар толық орындалып, жеткізілген өнім үшін түпкілікті есеп айырысу жүргізілгеннен кейін аграршыларды қаржыландырудың жалпы көлемі 65,7 млрд теңгеге жетпек", - деп жазылған хабарламада.
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтың айтуынша бұған дейін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясының" капиталын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік инвестициялар бүгінде өз тиімділігін көрсетіп жатыр.
"Келісімшарттар орындалып, ауыл шаруашылығы өнімдері өткізілгеннен кейін қаражат қайта айналымға түсіп, аграршыларды қаржыландыруға қайта бағытталады. Мұндай тетік бюджетке қосымша салмақ түсірмей-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жыл сайын қолдауға және қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтуға мүмкіндік береді", – деді Джувашев.
Қайта айналымға түскен қаражат ең сұранысқа ие тетіктер – ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей сатып алу және көктемгі егіс жұмыстарын форвардтық қаржыландыру бағдарламаларын іске асыруға арналмақ.
"Ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей сатып алу бағдарламасы аясында фермерлік шаруашылықтар "Азық-түлік келісімшарт корпорациясына" 191,8 мың тонна дәнді және майлы дақыл өткізді. Бұл 2025 жылғы көрсеткіштен (92,9 мың тонна) екі есе көп", - деп атап өтті корпорация.
Осылайша, тікелей сатып алу және форвардтық қаржыландыру тетіктері бір мезгілде бірнеше маңызды міндетті шешуге мүмкіндік береді. Олар аграршыларды қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің стратегиялық астық қорын қалыптастыруға да жол ашады.