https://sputnik.kz/20260712/toqaev-qatar-amirine-akesinin-qaytys-boluyna-baylanysty-konil-aytty-64856670.html
Тоқаев Қатар Әміріне әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Тоқаев Қатар Әміріне әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Sputnik Қазақстан
Қатарды 1995-2013 жылдары билеген бұрынғы әмір бүгін 74 жасында қайтыс болды 12.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-12T19:09+0500
2026-07-12T19:09+0500
2026-07-12T19:21+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/04/17/62886307_0:132:1280:852_1920x0_80_0_0_9b0c7e0e72af09f3b03f1a08732f9541.jpg
АСТАНА, 12 шілде - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қатар Мемлекетінің бұрынғы Әмірі Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазды. Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің және оның әулетінің, сондай-ақ отандастарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты."Шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни – Қатардың өсіп-өркендеуіне және халқының баянды болашағын қамтамасыз етуге тарихи үлес қосқан, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға риясыз қызмет еткен біртуар қайраткер. Қазақстандықтар әкеңіз шейх Хамад бен Халифаны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады", – делінген жеделхатта.Айта кетсек, бұрынғы әмір Шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни 74 жасында қайтыс болды. Қатарда оның қайтыс болуына байланысты төрт күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды.
https://sputnik.kz/20260301/toqaev-qatar-amirimen-telefon-arqyly-soylesti-61528004.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/17/62886307_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_869700626e3f47035517688451254f51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Қатар Әміріне әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
19:09 12.07.2026 (жаңартылды: 19:21 12.07.2026) Қатарды 1995-2013 жылдары билеген бұрынғы әмір бүгін 74 жасында қайтыс болды
АСТАНА, 12 шілде - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қатар Мемлекетінің бұрынғы Әмірі Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазды.
Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің және оның әулетінің, сондай-ақ отандастарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.
"Шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни – Қатардың өсіп-өркендеуіне және халқының баянды болашағын қамтамасыз етуге тарихи үлес қосқан, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға риясыз қызмет еткен біртуар қайраткер. Қазақстандықтар әкеңіз шейх Хамад бен Халифаны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады", – делінген жеделхатта.
Айта кетсек, бұрынғы әмір Шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни 74 жасында қайтыс болды. Қатарда оның қайтыс болуына байланысты төрт күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды.