Шығыс Қазақстан облысында өрттен ерлі-зайыпты көз жұмды

© МЧС КазахстанаПожар охватил пассажирский автобус в Астане
Пожар охватил пассажирский автобус в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2026
Жазылу
78 және 73 жастағы екі зейнеткер көз жұмды
АЛМАТЫ, 12 шілде - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Уварово ауылында өрттен ерлі-зайыпты қаза болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Жеке тұрғын үй өртенген. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 1948 жылы туған үй иесі үйден өз бетінше шығып үлгерген, алайда ол түтінге уланып қалған.

"Оқиға орнына келген апатты медицина орталығының дәрігерлері реанимациялық шаралар өткізді, бірақ ер адамды құтқару мүмкін болмады. Өртті сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері 1953 жылы туған үй иесінің әйелінің денесін тапты", - дейді өрт сөндірушілер.

Өрт 80 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. Өрттің қалай, неден шыққаны анықталып жатыр.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қаза болған зейнеткерлер ата-анасынан айырылған 19 және 17 жастағы екі немересін тәрбиелеп отырған. Өрт кезінде бойжеткендер үйде болмаған.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2026
Үш баланың өмірін жалмаған өрт: тірі қалған науқастың жағдайы ауыр
Жаңалықтар
0