https://sputnik.kz/20260712/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-12-shilde-64819130.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 шілде
Sputnik Қазақстан
12 шілдеде не болғанын білесіз бе? 12.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-12T00:01+0500
2026-07-12T00:01+0500
2026-07-12T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1083/89/10838976_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_8542b0e4e2e4fd19bd816a983369acf7.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.12 шілдеде қандай қызықты оқиға болдыБүгін кәсіби мереке – Бүкіләлемдік азаматтық авиация бортсерігі күні аталып өтеді. Стюард немесе стюардесса мамандығының пайда болғанына сексен жылдан асты. Кейбір деректерге сүйенсек, 1928 жылы Германияда алғаш рет ұшақ бортында жолаушылардың қауіпсіздігі мен сервиске жауапты адам бекітілген. Бастапқыда бортсеріктің міндетін ер адамдар – қымбат мейрамханалардың даяшылары атқарған екен. Ал 1930 жылы АҚШ әуедегі жұмысқа сүйкімді қыздарды да тартуды ұйғарыпты. Оның үстіне қыздардың салмағы да жеңіл, бұл сол кездегі ұшақтар үшін өте маңызды еді.Сондай-ақ, бүгін – Бүкіләлемдік фотографтар күні. Бұл дата француз суретшісі Луи Дагердің есімімен байланысты. Ол 1839 жылы Париждегі суретшілер академиясында суретке түсірудің жаңа әдісін көрсеткен болатын. Сондықтан осы күн фотографтардың төл мерекесі ретінде аталып жүр. "Фотография" термині де 1839 жылы пайда болған, оны екі астроном – ағылшын Джон Гершель мен неміс Иоганн фон Медлер біруақытта қолданыпты. Тарихқа көз жүгіртсек, Ұлыбритания ханшайымы Виктория мен күйеуі ханзада Альберт фото түсіру ісіне қатты әуес болған.Бұл күні кәсіби фотографтар мен әуесқойлар түрлі шеберлік сағаты мен ашық сабақтарға қатысып, тәжірибелерімен бөліседі, ақыл-кеңесін айтады. Бұдан бөлек, көрмелерге барып, фотоаппараттар мен жарық жабдықтарының жаңа үлгілерін сынап көруге мүмкіндік алады.12 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар1916 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әлемде алғаш рет әскери уландырғыш зат – иприт қолданылды;1931 жылы Францияда мушкетер Д’Артаньянға ескерткіш ашылды;2009 жылы Литва президенті болып алғаш рет әйел – Даля Грибаускайте сайланды;12 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1838 жылы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтерілісшілер қолы Ақбұлақ пен Қиыл аралығындағы шайқаста Гекке әскерінен жеңіліс табады. Осы шайқаста Исатай қаза тапты;1924 жылы Орта Азияда ұлттық шекара бөлінісі аяқталды. Қазақ АКСР-нің астанасы Орынбордан Ақмешітке (кейін Қызылорда деп аталды) көшірілді;1925 жылы Қазақстан Жазушылар одағы құрылды;1993 жылы Алматыда ТҮРКСОЙ Халықаралық мәдени ұйымы құрылды;2007 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облыстық департаментінің ғимаратына генерал-майор Балғабай Байжігітовті еске алуға арналған мемориалды тақта орнатылды;2014 жылы Павлодарда әйгілі Батыр Баянға арналған ескерткіш ашылды;2015 жылы Санкт-Петерборда Кенесарының мәйітін іздеу және тарихи Отанына қайтару туралы қоғамдық қозғалыс құрылды;2018 жылы танымал қазақстандық әнші Роза Рымбаеваның атаулы жұлдызы Витебск қаласындағы Жұлдыздар алаңына орналастырылды;2023 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңға қол қойды. 12 шілдеде туған танымал тұлғалар1904 жылы атақты чилилік ақын, Нобель сыйлығының лауреаты Пабло Неруда дүниеге келді. ХХ ғасыр әдебиетінің ең көрнекті тұлғаларының бірі болды. 1971 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алды;1908 жылы америкалық комик әрі актер Милтон Берл дүниеге келді. "Теледидар патшасы" деген атпен танымал болды. АҚШ-та теледидардың алғашқы дәуіріндегі ең танымал әзілкештердің бірі саналды;1916 жылы аты аңызға айналған кеңестік мерген Людмила Павличенко дүниеге келді. 309 неміс солдаты мен офицерінің көзін жойды. Кеңес одағының батыры (1943);1943 жылы британдық музыкант Кристин Макви дүниеге келді. "Fleetwood Mac" тобының әншісі, клавишисі және композиторы болды. Рок музыка тарихындағы ең ықпалды әйел музыканттардың бірі саналады. 1951 жылы америкалық актриса және әнші Шерил Лэдд дүниеге келді. "Чарлидің періштелері" телехикаясындағы Крис Мунро рөлі арқылы әлемге танылды;1952 жылы ямайкалық әнші Лиз Митчелл дүниеге келді. "Boney M." диско тобының негізгі вокалистерінің бірі болды. Топтың әлемге әйгілі хиттерін орындады;1997 жылы пәкістандық құқық қорғаушы, Нобель сыйлығының ең жас лауреаты Малала Юсуфзай дүниеге келді. Қыздардың білім алу құқығын қорғағаны үшін 2014 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығын алды.12 шілдеде Қазақстанда кімдер туды1926 жылы музыка зерттеушісі, педагог, домбырашы, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Композиторлар одағының мүшесі Хабидолла Тастанов дүниеге келді;1951 жылы "Қаһармандар" республикалық қоғамдық қорының басшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Қасымов дүниеге келді;1962 жылы театр және кино әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Райхан Қалиолдина туды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1083/89/10838976_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_54d02c441aa4a3f4209b94f9d541353d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 шілде
12 шілдеде не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
12 шілдеде қандай қызықты оқиға болды
Бүгін кәсіби мереке – Бүкіләлемдік азаматтық авиация бортсерігі күні аталып өтеді. Стюард немесе стюардесса мамандығының пайда болғанына сексен жылдан асты. Кейбір деректерге сүйенсек, 1928 жылы Германияда алғаш рет ұшақ бортында жолаушылардың қауіпсіздігі мен сервиске жауапты адам бекітілген. Бастапқыда бортсеріктің міндетін ер адамдар – қымбат мейрамханалардың даяшылары атқарған екен. Ал 1930 жылы АҚШ әуедегі жұмысқа сүйкімді қыздарды да тартуды ұйғарыпты. Оның үстіне қыздардың салмағы да жеңіл, бұл сол кездегі ұшақтар үшін өте маңызды еді.
Сондай-ақ, бүгін – Бүкіләлемдік фотографтар күні. Бұл дата француз суретшісі Луи Дагердің есімімен байланысты. Ол 1839 жылы Париждегі суретшілер академиясында суретке түсірудің жаңа әдісін көрсеткен болатын. Сондықтан осы күн фотографтардың төл мерекесі ретінде аталып жүр. "Фотография" термині де 1839 жылы пайда болған, оны екі астроном – ағылшын Джон Гершель мен неміс Иоганн фон Медлер біруақытта қолданыпты. Тарихқа көз жүгіртсек, Ұлыбритания ханшайымы Виктория мен күйеуі ханзада Альберт фото түсіру ісіне қатты әуес болған.
Бұл күні кәсіби фотографтар мен әуесқойлар түрлі шеберлік сағаты мен ашық сабақтарға қатысып, тәжірибелерімен бөліседі, ақыл-кеңесін айтады. Бұдан бөлек, көрмелерге барып, фотоаппараттар мен жарық жабдықтарының жаңа үлгілерін сынап көруге мүмкіндік алады.
12 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар
1916 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әлемде алғаш рет әскери уландырғыш зат – иприт қолданылды;
1931 жылы Францияда мушкетер Д’Артаньянға ескерткіш ашылды;
2009 жылы Литва президенті болып алғаш рет әйел – Даля Грибаускайте сайланды;
12 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1838 жылы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтерілісшілер қолы Ақбұлақ пен Қиыл аралығындағы шайқаста Гекке әскерінен жеңіліс табады. Осы шайқаста Исатай қаза тапты;
1924 жылы Орта Азияда ұлттық шекара бөлінісі аяқталды. Қазақ АКСР-нің астанасы Орынбордан Ақмешітке (кейін Қызылорда деп аталды) көшірілді;
1925 жылы Қазақстан Жазушылар одағы құрылды;
1993 жылы Алматыда ТҮРКСОЙ Халықаралық мәдени ұйымы құрылды;
2007 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облыстық департаментінің ғимаратына генерал-майор Балғабай Байжігітовті еске алуға арналған мемориалды тақта орнатылды;
2014 жылы Павлодарда әйгілі Батыр Баянға арналған ескерткіш ашылды;
2015 жылы Санкт-Петерборда Кенесарының мәйітін іздеу және тарихи Отанына қайтару туралы қоғамдық қозғалыс құрылды;
2018 жылы танымал қазақстандық әнші Роза Рымбаеваның атаулы жұлдызы Витебск қаласындағы Жұлдыздар алаңына орналастырылды;
2023 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңға қол қойды.
12 шілдеде туған танымал тұлғалар
1904 жылы атақты чилилік ақын, Нобель сыйлығының лауреаты Пабло Неруда дүниеге келді. ХХ ғасыр әдебиетінің ең көрнекті тұлғаларының бірі болды. 1971 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алды;
1908 жылы америкалық комик әрі актер Милтон Берл дүниеге келді. "Теледидар патшасы" деген атпен танымал болды. АҚШ-та теледидардың алғашқы дәуіріндегі ең танымал әзілкештердің бірі саналды;
1916 жылы аты аңызға айналған кеңестік мерген Людмила Павличенко дүниеге келді. 309 неміс солдаты мен офицерінің көзін жойды. Кеңес одағының батыры (1943);
1943 жылы британдық музыкант Кристин Макви дүниеге келді. "Fleetwood Mac" тобының әншісі, клавишисі және композиторы болды. Рок музыка тарихындағы ең ықпалды әйел музыканттардың бірі саналады.
1951 жылы америкалық актриса және әнші Шерил Лэдд дүниеге келді. "Чарлидің періштелері" телехикаясындағы Крис Мунро рөлі арқылы әлемге танылды;
1952 жылы ямайкалық әнші Лиз Митчелл дүниеге келді. "Boney M." диско тобының негізгі вокалистерінің бірі болды. Топтың әлемге әйгілі хиттерін орындады;
1997 жылы пәкістандық құқық қорғаушы, Нобель сыйлығының ең жас лауреаты Малала Юсуфзай дүниеге келді. Қыздардың білім алу құқығын қорғағаны үшін 2014 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығын алды.
12 шілдеде Қазақстанда кімдер туды
1926 жылы музыка зерттеушісі, педагог, домбырашы, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Композиторлар одағының мүшесі Хабидолла Тастанов дүниеге келді;
1951 жылы "Қаһармандар" республикалық қоғамдық қорының басшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Қасымов дүниеге келді;
1962 жылы театр және кино әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Райхан Қалиолдина туды.