Астанадан Дубайға бағыт алған ұшақ кері қайтты

© Photo : Пресс-служба Air Astana Астанадан Дубайға бағыт алған ұшақ кері қайтты
Астанадан Дубайға бағыт алған ұшақ кері қайтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2026
Жазылу
Жолаушыларға сатып алу орны бойынша билеттердің құнын толық қайтару ұсынылады
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Астанадан Дубайға ұшатын KC205 рейсі әуежайға қайта оралды, деп хабарлайды Air Astana әуе компаниясы.
"12 шілдеде Астанадан 07.10-да ұшқан Астана - Дубай KC205 рейсі ұшып кету әуежайына қайтып оралады. 12 шілдеде сағат 08: 50-де ұшуға жоспарланған Алматы-Дубай КС 897 рейсі тоқтатылды", - деп мәлімдеді әуе компаниясы.
Жолаушыларға сатып алу орны бойынша билеттердің құнын толық қайтару ұсынылады, дейді компания. Рейстер кестесіндегі одан арғы өзгерістер туралы кейінірек хабарланады.
"Air Astana жағдайды мұқият бақылап, қалып қалған жолаушыларды шығару мәселелерін шешеді. Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі межелі әуежайларға ұшу және ұшып келу уақытында өзгерістер күтілуде", - дейді Air Astana.
Иран мен Ирак әуе кеңістігі жабылды: кейбір чартерлік рейстердің бағыты өзгерді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Иран мен Ирак әуе кеңістігі жабылды: кейбір чартерлік рейстердің бағыты өзгерді
Жаңалықтар
0