https://sputnik.kz/20260711/neolit-dauirinde-omir-surgen-bala-men-eki-eresek-adamnyn-zherlengen-orny-tabyldy-64844529.html
Неолит дәуірінде өмір сүрген бала мен екі ересек адамның жерленген орны табылды
Неолит дәуірінде өмір сүрген бала мен екі ересек адамның жерленген орны табылды
Sputnik Қазақстан
Тас дәуіріне жататын қорымдар Қостанай облысында ғана емес, бүкіл Қазақстан аумағында да өте сирек кездеседі 11.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-11T18:00+0500
2026-07-11T18:00+0500
2026-07-11T18:00+0500
зерттеу
ғалымдар
бейіт
https://sputnik.kz/img/07ea/07/0b/64842142_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_074954697e95802380ccf49a2dfa96d8.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қостанай облысының Әулиекөл ауданында б.з.д. VII–V мыңжылдықтарға жататын неолит дәуірінің үш жерлеу орны анықталды, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.Тарихи олжаны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары археологиялық қазба жұмыстары кезінде тапты.Экспедиция барысында ежелгі тұрғын үйлердің едені астынан бір баланың және екі ересек адамның жерленген орны анықталды. Мұндай олжалар неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері арасында өте сирек кездеседі. Мамандардың бағалауынша, бұл жаңалық Қазақстан аумағындағы тас дәуірі археологиясын зерттеуге арналған маңызды ғылыми дерек болып саналады.Ғалымдардың айтуынша, тас дәуіріне жататын қорымдар Қостанай облысында ғана емес, жалпы Қазақстан аумағында да өте сирек кездеседі. Алдын ала зерттеу нәтижелері табылған жерлеу орындарының неолит дәуіріне тиесілі екенін көрсетіп отыр.Экспедицияның тағы бір маңызды нәтижесі – маханжар мәдениетіне тән ежелгі тұрғын үйлердің зерттелуі. Бұған дейін археологтар негізінен көне тұрақтарды зерттеп келген болса, Шилі ескерткішінен осы мәдениетке тән жартылай жертөле үлгісіндегі тұрғын үйлер алғаш рет анықталды. Қорымдардың дәл осы баспаналардың едені астынан табылуы олардың ғылыми маңызын арттыра түсті.Зерттеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Алдағы уақытта ғалымдар антропологиялық сараптама, радиокөміртектік мерзімдеу және кешенді зертханалық зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр. Олардың нәтижелері табылған жерлеу орындарының нақты жасын анықтап, Қазақстандағы неолит дәуірінің тарихи-мәдени үдерістері туралы ғылыми білімді толықтыруға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20210913/Aktau-keme-tabyldy-18111186.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/0b/64842142_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_d301fc321ff154b4207bd20f573abc59.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зерттеу, ғалымдар, бейіт
Неолит дәуірінде өмір сүрген бала мен екі ересек адамның жерленген орны табылды
Тас дәуіріне жататын қорымдар Қостанай облысында ғана емес, бүкіл Қазақстан аумағында да өте сирек кездеседі
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қостанай облысының Әулиекөл ауданында б.з.д. VII–V мыңжылдықтарға жататын неолит дәуірінің үш жерлеу орны анықталды, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Тарихи олжаны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары археологиялық қазба жұмыстары кезінде тапты.
Экспедиция барысында ежелгі тұрғын үйлердің едені астынан бір баланың және екі ересек адамның жерленген орны анықталды. Мұндай олжалар неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері арасында өте сирек кездеседі. Мамандардың бағалауынша, бұл жаңалық Қазақстан аумағындағы тас дәуірі археологиясын зерттеуге арналған маңызды ғылыми дерек болып саналады.
"Қостанай өңірлік университеті Археологиялық зертханасының аға ғылыми қызметкері, "Торғай ойпатының неолиті" ғылыми жобасының жетекшісі Ирина Шевнинаның айтуынша, қазба жұмыстары барысында археологтар көбіне тас және сүйек құралдарын, керамика сынықтары мен әшекей бұйымдарды табады. Ал ежелгі тұрғын үйлердің едені астынан анықталған жерлеу орындары зерттеліп жатқан ескерткіштердің ғылыми құндылығын едәуір арттырады", – деп жазылған хабарламада.
Ғалымдардың айтуынша, тас дәуіріне жататын қорымдар Қостанай облысында ғана емес, жалпы Қазақстан аумағында да өте сирек кездеседі. Алдын ала зерттеу нәтижелері табылған жерлеу орындарының неолит дәуіріне тиесілі екенін көрсетіп отыр.
Baitursynuly University ғалымдары неолит дәуіріндегі ерекше жерлеу орындарын тапты

Экспедицияның тағы бір маңызды нәтижесі – маханжар мәдениетіне тән ежелгі тұрғын үйлердің зерттелуі. Бұған дейін археологтар негізінен көне тұрақтарды зерттеп келген болса, Шилі ескерткішінен осы мәдениетке тән жартылай жертөле үлгісіндегі тұрғын үйлер алғаш рет анықталды. Қорымдардың дәл осы баспаналардың едені астынан табылуы олардың ғылыми маңызын арттыра түсті.
"Мұндай жерлеу дәстүрі ежелгі кезеңде Орталық Азия мен оған іргелес өңірлердегі бірқатар мәдениетке тән болған. Тұрғын үйдің едені астына жерлеу сол кезеңдегі дүниетаным мен жерлеу ғұрыптарының ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл олжа ежелгі қауымдардың өмір салты, наным-сенімі және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері туралы жаңа ғылыми деректер алуға жол ашады", – деп атап өтті ведомство.
Зерттеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Алдағы уақытта ғалымдар антропологиялық сараптама, радиокөміртектік мерзімдеу және кешенді зертханалық зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр. Олардың нәтижелері табылған жерлеу орындарының нақты жасын анықтап, Қазақстандағы неолит дәуірінің тарихи-мәдени үдерістері туралы ғылыми білімді толықтыруға мүмкіндік береді.