https://sputnik.kz/20260711/gonkong-aue-kompaniyasy-astanaga-zhuk-zhane-zholaushylar-reysterin-iske-qosady-64836644.html
Гонконг әуе компаниясы Астанаға жүк және жолаушылар рейстерін іске қосады
Гонконг әуе компаниясы Астанаға жүк және жолаушылар рейстерін іске қосады
Sputnik Қазақстан
Бұщ+л туралы "Cathay" әуе компаниясының өкілі хабарлады 11.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-11T14:29+0500
2026-07-11T14:29+0500
2026-07-11T14:29+0500
гонконг
әуе қатынасы
рейстер
https://sputnik.kz/img/07ea/07/0b/64835396_261:0:883:350_1920x0_80_0_0_545e06a806cd83ac6f26103a484fe5bc.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. 1 тамыздан бастап Гонконгтің "Cathay" әуе компаниясы Астана қаласына тұрақты жүк рейстерін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды еліміздің көлік министрлігі.Бұл туралы әуе компаниясының Таяу Шығыс өңірі бойынша өңірлік менеджері Оливер Коэльо Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиевамен өткен кездесуде айтты."Боинг-747" үлгісіндегі әуе кемелері аптасына 5 рейске дейінгі жиілікпен ұшады.Салтанат Томпиева аталған жобаларды іске асыруға Қазақстан тарапы қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жүк және жолаушылар рейстерін іске қосу үшін қажетті рәсімдерді бірлесіп жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Гонконг арасындағы әуе қатынасын дамыту мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты сақтауға келісті.Жаңа рейстердің ашылуы сауда-экономикалық және туристік байланыстардың одан әрі дамуына, логистикалық мүмкіндіктердің кеңеюіне, сондай-ақ Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді."Cathay" – Гонконгтың ұлттық әуе компаниясы және Азиядағы ең ірі халықаралық әуе тасымалдаушыларының бірі. Компания еншілес кәсіпорындарын қоса алғанда 237 әуе кемесін пайдаланады және 100-ден астам бағыт бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырады.
https://sputnik.kz/20250913/gonkongten-qazaqstanga-tikeley-aue-reysteri-ashylady-57042431.html
гонконг
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/0b/64835396_433:0:900:350_1920x0_80_0_0_38c55d27226c1b0eb0600f44589c2c42.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
гонконг, әуе қатынасы, рейстер
гонконг, әуе қатынасы, рейстер
Гонконг әуе компаниясы Астанаға жүк және жолаушылар рейстерін іске қосады
Бұщ+л туралы "Cathay" әуе компаниясының өкілі хабарлады
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. 1 тамыздан бастап Гонконгтің "Cathay" әуе компаниясы Астана қаласына тұрақты жүк рейстерін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды еліміздің көлік министрлігі.
Бұл туралы әуе компаниясының Таяу Шығыс өңірі бойынша өңірлік менеджері Оливер Коэльо Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиевамен өткен кездесуде айтты.
"Боинг-747" үлгісіндегі әуе кемелері аптасына 5 рейске дейінгі жиілікпен ұшады.
"Сонымен қатар әуе компаниясының өкілі 2027 жылдың қаңтар айынан бастап "Эйрбас-330" үлгісіндегі әуе кемелерімен аптасына 3 рет жиілікпен Гонконг – Алматы бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді", - делінген министрлік хабарламасында.
Салтанат Томпиева аталған жобаларды іске асыруға Қазақстан тарапы қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жүк және жолаушылар рейстерін іске қосу үшін қажетті рәсімдерді бірлесіп жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Гонконг арасындағы әуе қатынасын дамыту мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты сақтауға келісті.
Жаңа рейстердің ашылуы сауда-экономикалық және туристік байланыстардың одан әрі дамуына, логистикалық мүмкіндіктердің кеңеюіне, сондай-ақ Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді.
"Cathay" – Гонконгтың ұлттық әуе компаниясы және Азиядағы ең ірі халықаралық әуе тасымалдаушыларының бірі. Компания еншілес кәсіпорындарын қоса алғанда 237 әуе кемесін пайдаланады және 100-ден астам бағыт бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырады.