https://sputnik.kz/20260711/almatyda-alty-zholaqty-zhana-magistral-salynady-64830713.html
Алматыда алты жолақты жаңа магистраль салынады
Алматыда алты жолақты жаңа магистраль салынады
Sputnik Қазақстан
Бұқтырма көшесі мен Рысқұлов даңғылын жалғайтын жаңа магистраль алты жолақты болады. Оның ені – 50 метр, ұзындығы – 4,6 шақырым 11.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-11T13:19+0500
2026-07-11T13:19+0500
2026-07-11T13:19+0500
алматы
жол
https://sputnik.kz/img/07e9/07/11/55712772_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_c290591fbfc3c6dfe3f98eafb3d77d5d.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматыда "Шығыс қақпасы" полиорталығын дамыту аясында қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде жаңа жолдар мен инженерлік коммуникациялар салу жоспарланған, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.Жоба 2023 жылы бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Бас жоспарға енгізіліп жатқан түзетулер бұл жобаға қатысты қандай да бір өзгерістерді көздемейді.Аумақтардың көлік байланысын жақсарту мақсатында Баймағамбетов көшесі, Құлжа тас жолы, Бұқтырма көшесі және Рысқұлов даңғылы шектейтін аумақта жалпы ұзындығы 17,5 шақырым болатын жаңа жолдар салу жоспарланып отыр.Бұқтырма көшесі мен Рысқұлов даңғылын жалғайтын жаңа магистраль алты жолақты болады. Оның ені – 50 метр, ұзындығы – 4,6 шақырым. Бұл жолды салу Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен көлік байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде қаланың көше-жол желісінің өзара байланысы жақсарады, сондай-ақ Алматы мен агломерациядағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасының тиімділігі күшейеді.Жоспарланған магистраль жеке тұрғын үй секторы арқылы өтетіндіктен, мемлекеттік қажеттілік үшін шамамен 200 жер учаскесін мәжбүрлеп сатып алу көзделген. Осыған байланысты қала әкімдігі тиісті қаулы қабылдап, жылжымайтын мүлік иелеріне хабарлама жолданды.
https://sputnik.kz/20211208/Almaty-keptelis-18858731.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/11/55712772_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_08af9602ec990af0f91e193801fdcc4e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жол
Алматыда алты жолақты жаңа магистраль салынады
Бұқтырма көшесі мен Рысқұлов даңғылын жалғайтын жаңа магистраль алты жолақты болады. Оның ені – 50 метр, ұзындығы – 4,6 шақырым
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматыда "Шығыс қақпасы" полиорталығын дамыту аясында қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде жаңа жолдар мен инженерлік коммуникациялар салу жоспарланған, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.
Жоба 2023 жылы бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Бас жоспарға енгізіліп жатқан түзетулер бұл жобаға қатысты қандай да бір өзгерістерді көздемейді.
Аумақтардың көлік байланысын жақсарту мақсатында Баймағамбетов көшесі, Құлжа тас жолы, Бұқтырма көшесі және Рысқұлов даңғылы шектейтін аумақта жалпы ұзындығы 17,5 шақырым болатын жаңа жолдар салу жоспарланып отыр.
Бұқтырма көшесі мен Рысқұлов даңғылын жалғайтын жаңа магистраль алты жолақты болады. Оның ені – 50 метр, ұзындығы – 4,6 шақырым. Бұл жолды салу Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен көлік байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде қаланың көше-жол желісінің өзара байланысы жақсарады, сондай-ақ Алматы мен агломерациядағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасының тиімділігі күшейеді.
Жоспарланған магистраль жеке тұрғын үй секторы арқылы өтетіндіктен, мемлекеттік қажеттілік үшін шамамен 200 жер учаскесін мәжбүрлеп сатып алу көзделген. Осыған байланысты қала әкімдігі тиісті қаулы қабылдап, жылжымайтын мүлік иелеріне хабарлама жолданды.