Жаркентте сел жүріп, көпірді су шайып кетті

© Photo : Төтенше жағдайлар министрлігіАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Жазылу
Жол қозғалысына уақытша шектеуге қойылды
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Жетісу облысы Панфилов ауданында көпірді су шайып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Жауын-шашын мен беткейлік ағындардың пайда болуы салдарынан Бурхан өзенінде су деңгейі көтеріліп кеткен. Салдарынан облыстық маңызы бар "Жаркент – Талды" автомобиль жолының 3-ші шақырымындағы көпірді су шайып кетті. Жол қозғалысына уақытша шектеуге қойылды", - дейді Жаркент қаласының әкімдігі.
Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жеке құрамның 14 адамы, ТЖД техникасының 8 бірлігі жұмылдырылды. Жұмыс жалғасып жатыр.
"Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мекемесінің ақпараты бойынша, қалпына келтіру жұмыстарын бүгін аяқтау жоспарланған, содан кейін "Жаркент – Талды" автомобиль жолы ашылады.
Еске сала кетейік, жауыннан кейін осы аудандағы Өсек өзені тасыды. Кеше құтқарушылар су деңгейі көтерілген өзеннен екі жасөспірімді аман-есен құтқарып қалды.
Алматы облысында екі жасөспірімді өзен ағысы алып кете жаздады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Алматы облысында екі жасөспірімді өзен ағысы алып кете жаздады
Жаңалықтар
0