https://sputnik.kz/20260710/toqaev-qazaqstannyn-birqatar-eldegi-elshilerin-auystyrdy-64797578.html
Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін ауыстырды
Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін ауыстырды
Sputnik Қазақстан
Жаңа дипломаттарды тағайындаудан басқа, қазіргі елшілердің де лауазымдары ауыстырылды 10.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-10T09:28+0500
2026-07-10T09:28+0500
2026-07-10T09:38+0500
қасым-жомарт тоқаев
тағайындау
қазақстан елшісі
https://sputnik.kz/img/07ea/04/17/62886218_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_818173de7379f5fcd3be8b6e3b9516f7.jpg
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі дипломатиялық миссияларға жаңа елшілерді тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.Әбілқайыр Сқақов Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол жаңа жарлыққа сәйкес елші қызметінен босатылған Рәпіл Жошыбаевтың орнын басты.Бақыт Батыршаев Қазақстанның Катардағы елшісі болды. Бұрынғы елші Арман Исағалиев қызметінен босатылды.Анель Бақытбекқызы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы елшісі қызметінен босатылды. Оның орнына Болат Иманбаев тағайындалды. Ол өз кезегінде Қазақстан Республикасының Армениядағы елшісі қызметінен босатылған болатын.Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Қазақстанның Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы және Непалдағы Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
https://sputnik.kz/20260708/aslambek-mergaliev-zhogargy-sottyn-toragasy-lauazymyna-qayta-tagayyndaldy-64741876.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/17/62886218_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c68e8368344a75ee0cd542f1da550f3d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, тағайындау, қазақстан елшісі
қасым-жомарт тоқаев, тағайындау, қазақстан елшісі
Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін ауыстырды
09:28 10.07.2026 (жаңартылды: 09:38 10.07.2026) Жаңа дипломаттарды тағайындаудан басқа, қазіргі елшілердің де лауазымдары ауыстырылды
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі дипломатиялық миссияларға жаңа елшілерді тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Әбілқайыр Сқақов Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол жаңа жарлыққа сәйкес елші қызметінен босатылған Рәпіл Жошыбаевтың орнын басты.
Бақыт Батыршаев Қазақстанның Катардағы елшісі болды. Бұрынғы елші Арман Исағалиев қызметінен босатылды.
Анель Бақытбекқызы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы елшісі қызметінен босатылды. Оның орнына Болат Иманбаев тағайындалды. Ол өз кезегінде Қазақстан Республикасының Армениядағы елшісі қызметінен босатылған болатын.
Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Қазақстанның Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы және Непалдағы Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.