Маңғыстау облысында атыс болып, екі адам зардап шекті
09:47 10.07.2026 (жаңартылды: 09:48 10.07.2026)

© AFP 2024 / KAREN BLEIER
Жазылу
Қылмыстық іске қатысты төрт баппен іс қозғалды
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында атыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Оқиға 9 шілдеде болған. Қылмыстық іске қатысты төрт баппен іс қозғалды.
Салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Оқиға 9 шілдеде болған. Қылмыстық іске қатысты төрт баппен іс қозғалды.
"Бұл факт бойынша кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу белгілері бойынша қылмыстық істер қозғалды", - дейді Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтады.
"Жедел-іздестіру нәтижесінде жанжалға қатысушылар анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құрбан болғандар жоқ", - дейді полиция.
Тергеу жүріп жатыр.
"Жедел-іздестіру нәтижесінде жанжалға қатысушылар анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құрбан болғандар жоқ", - дейді полиция.
Тергеу жүріп жатыр.
