Квазимемлекеттік сектордағы валюталық түсімнің 50%-ын сату талабы алынып тасталады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, валюта, тенге, доллар
Деньги, валюта, тенге, доллар - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Жазылу
Ұлттық банк бұл шараны қажет болған жағдайда қайта пайдалану мүмкіндігін сақтап қалады
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі квазимемлекеттік компаниялардың валюталық түсімінің 50%-ын ішкі нарықта міндетті түрде сату талабын алып тастайды.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл шешім келесі аптада қабылданатынын айтты.
"Бұл дағдарысқа қарсы әрекет ету шарасы болатын. Біз келесі аптада бұл шараның күшін жоюды жоспарлап отырмыз. Қазір ешқандай дағдарыс жоқ, теңге тұрақты", – деді Сүлейменов.
Ол сонымен қатар Ұлттық банк бұл шараны қажет болған жағдайда қайта пайдалану мүмкіндігін сақтап қалатынын айтты.
Теңге мен доллар - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2026
Доллар бағамы тағы 500 теңгеден аса ма - Ұлттық банк басшысы өз ойын айтты
Жаңалықтар
0