https://sputnik.kz/20260710/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-10-shilde-64768231.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 шілде
Sputnik Қазақстан
10 шілдеде не болғанын білесіз бе? 10.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-10T00:01+0500
2026-07-10T00:01+0500
2026-07-10T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1071/39/10713903_60:0:2940:1620_1920x0_80_0_0_bd9cfe48a3be1ee2be9fec4fa8bd18db.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.10 шілдеде қандай айтулы оқиға болдыЖапонияда бүгін Натто күні тойланады. Мереке 1981 жылы Кансайда натто тұтынушыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Кейін 1992 жылы бұл күн ұлттық мейрамға айналды. Натто - ашытылған майбұршақтан пісірілетін дәстүрлі жапон тағамы. Оны көбінесе таңғы асқа жейді. Өзіндік иісі мен дәмі бар, жабысқақ әрі қоймалжың тамақ.Бүгін Ресейдің әскери даңқы күні - Полтава шайқасында швед әскерін жеңген күні (1709 жыл) аталып өтеді. Полтава шайқасы - Петр І қолбасшылық еткен орыс әскері мен Карл ХІІ басқарған швед сарбаздары арасындағы Солтүстік соғыстың ең ірі шайқасы. Шайқас 1709 жылдың 27 маусымынд (8 шілде) таңертең Полтава қаласына жақын маңда болды. Швед әскерінің ойсырай ұтылуы нәтижесінде Солтүстік соғыс Ресейдің пайдасына шешіліп, Швецияның Еуропадағы үстемдігі жойылды.Сонымен бірге бүгін - Футбол ысқырығының туған күні. Футбол алаңында төрешілер 1873 жылы ғана пайда болды. Ол кезде төрешінің өз шешімімен ойынға араласуына рұқсат жоқ болатын. Төрешінің басты міндеті уақытты бақылау, матч туралы жазып отыру, ойыншыларды тағайындау және командалар өзара дауласса, төрелік айту еді. 1878 жылға дейін төрешіде арнайы ысқырық болмады, олар ойынды дауыспен басқаратын немесе белгі беретін, сондай-ақ назар аудару немесе шешім қабылдау үшін қоңырау соғатын. Ысқырықтың пайда болу тарихы ерекше. Ол кезде ойынға төрелік ету құқығы кәсіби мамандарға емес, футболды жақсы көретін әуесқойларға берілетін. 1878 жылы 10 шілдеде Лондондағы матчта полицей төреші болады, ойын кезінде жанжал шығып, полиция қызметкері еш ойланбастан ысқырығын қолданыпты. Шошып кеткен ойыншылар сол сәтте төбелесті тоқтата қойған. Содан бері футболда төрешілер ысқырық пайдаланады.10 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар1962 жылы "Телстар" атты алғашқы коммерциялық байланыс спутингі ұшырылды;1964 жылы The Beatles тобының А Hard Day’s Night альбомы жарық көріп, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді;1981 жылы АҚШ-тың әскери-теңіз флоты офицерлерге сақал қоюға тыйым салды;1985 жылы Учкудук түбінде Ту-154 апатқа ұшырап, 200 адам қаза тапты. Бұл - кеңес авиациясы тарихындағы ең ірі әуе апаты.10 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1919 жылы Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің "Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы" қаулысы қабылданды;1965 жылы Маңғышлақ мұнайының бірінші эшелоны мұнай өңдеу зауытына жөнелтілді;1998 жылы Қазақстанның "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" заңы қабылданды;2002 жылы Қазақстанның "Шылым шегудің алдын алу және оны шектеу" туралы заңы қабылданды.10 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар 1951 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері, әнші Александр Кавалеров дүниеге келді;1957 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері Юрий Стоянов дүниеге келді. Ресей Федерациясының халық әртісі (2001);1972 жылы "Америкалық отбасы" телехикаясындағы рөлімен танымал колумбиялық-америкалық актриса әрі модель София Вергара дүниеге келді;1977 жылы "Құлдықтағы 12 жыл" фильміндегі рөлімен танылған британиялық актер Чиветель Эджиофор дүниге келді.10 шілдеде Қазақстанда кім туды1896 жылы Алаш қайраткері, ғалым, дәрігер және педагог Әлжан Байғурин дүниеге келді;1958 жылы жазушы, ақын, драматург, мәдениеттанушы Әуезхан Қодар дүниеге келді;1963 жылы Қазақстанның Кубадағы төтенше және өкілетті елшісі, дипломат Андриан Елемесов дүниеге келді;1969 жылы Қазақстанның мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты Анар Жайылғанова дүниеге келді.
https://sputnik.kz/20260709/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-9-shilde-64759293.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1071/39/10713903_420:0:2580:1620_1920x0_80_0_0_86d8b5ead12ba1aa0c87841bf2c2ea3f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 шілде
10 шілдеде не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
10 шілдеде қандай айтулы оқиға болды
Жапонияда бүгін Натто күні тойланады. Мереке 1981 жылы Кансайда натто тұтынушыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Кейін 1992 жылы бұл күн ұлттық мейрамға айналды. Натто - ашытылған майбұршақтан пісірілетін дәстүрлі жапон тағамы. Оны көбінесе таңғы асқа жейді. Өзіндік иісі мен дәмі бар, жабысқақ әрі қоймалжың тамақ.
Бүгін Ресейдің әскери даңқы күні - Полтава шайқасында швед әскерін жеңген күні (1709 жыл) аталып өтеді. Полтава шайқасы - Петр І қолбасшылық еткен орыс әскері мен Карл ХІІ басқарған швед сарбаздары арасындағы Солтүстік соғыстың ең ірі шайқасы. Шайқас 1709 жылдың 27 маусымынд (8 шілде) таңертең Полтава қаласына жақын маңда болды. Швед әскерінің ойсырай ұтылуы нәтижесінде Солтүстік соғыс Ресейдің пайдасына шешіліп, Швецияның Еуропадағы үстемдігі жойылды.
Сонымен бірге бүгін - Футбол ысқырығының туған күні. Футбол алаңында төрешілер 1873 жылы ғана пайда болды. Ол кезде төрешінің өз шешімімен ойынға араласуына рұқсат жоқ болатын. Төрешінің басты міндеті уақытты бақылау, матч туралы жазып отыру, ойыншыларды тағайындау және командалар өзара дауласса, төрелік айту еді. 1878 жылға дейін төрешіде арнайы ысқырық болмады, олар ойынды дауыспен басқаратын немесе белгі беретін, сондай-ақ назар аудару немесе шешім қабылдау үшін қоңырау соғатын. Ысқырықтың пайда болу тарихы ерекше. Ол кезде ойынға төрелік ету құқығы кәсіби мамандарға емес, футболды жақсы көретін әуесқойларға берілетін. 1878 жылы 10 шілдеде Лондондағы матчта полицей төреші болады, ойын кезінде жанжал шығып, полиция қызметкері еш ойланбастан ысқырығын қолданыпты. Шошып кеткен ойыншылар сол сәтте төбелесті тоқтата қойған. Содан бері футболда төрешілер ысқырық пайдаланады.
10 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар
1962 жылы "Телстар" атты алғашқы коммерциялық байланыс спутингі ұшырылды;
1964 жылы The Beatles тобының А Hard Day’s Night альбомы жарық көріп, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді;
1981 жылы АҚШ-тың әскери-теңіз флоты офицерлерге сақал қоюға тыйым салды;
1985 жылы Учкудук түбінде Ту-154 апатқа ұшырап, 200 адам қаза тапты. Бұл - кеңес авиациясы тарихындағы ең ірі әуе апаты.
10 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1919 жылы Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің "Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы" қаулысы қабылданды;
1965 жылы Маңғышлақ мұнайының бірінші эшелоны мұнай өңдеу зауытына жөнелтілді;
1998 жылы Қазақстанның "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" заңы қабылданды;
2002 жылы Қазақстанның "Шылым шегудің алдын алу және оны шектеу" туралы заңы қабылданды.
10 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар
1951 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері, әнші Александр Кавалеров дүниеге келді;
1957 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері Юрий Стоянов дүниеге келді. Ресей Федерациясының халық әртісі (2001);
1972 жылы "Америкалық отбасы" телехикаясындағы рөлімен танымал колумбиялық-америкалық актриса әрі модель София Вергара дүниеге келді;
1977 жылы "Құлдықтағы 12 жыл" фильміндегі рөлімен танылған британиялық актер Чиветель Эджиофор дүниге келді.
10 шілдеде Қазақстанда кім туды
1896 жылы Алаш қайраткері, ғалым, дәрігер және педагог Әлжан Байғурин дүниеге келді;
1958 жылы жазушы, ақын, драматург, мәдениеттанушы Әуезхан Қодар дүниеге келді;
1963 жылы Қазақстанның Кубадағы төтенше және өкілетті елшісі, дипломат Андриан Елемесов дүниеге келді;
1969 жылы Қазақстанның мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты Анар Жайылғанова дүниеге келді.