Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы құлап, үш адам зардап шекті

© Акимат Актюбинской области Ақтөбе облысының бір ауданында төтенше жағдай жарияланды
Ақтөбе облысының бір ауданында төтенше жағдай жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Жазылу
Ауданда төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысы Байғанин ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Аудан орталығында қатты екпінді желден байланыс мұнарасы жеке орналасқан бірқабатты дүкеннің шатырына құлап, үш адам зардап шекті. Олардың барлығына аудандық ауруханада қажетті медициналық көмек көрсетілді.
© Акимат Актюбинской области Ақтөбе облысының бір ауданында төтенше жағдай жарияланды
Режим ЧС объявили в Байганинском районе Актюбинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Ақтөбе облысының бір ауданында төтенше жағдай жарияланды
Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов Байғанинға барды. Ол желден бүлінген дүкен аумағын бағамдап, электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

"Ауданда төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиында зардап шеккен нысандардың тізімін жасақтау, келтірілген шығынды бағалау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жауапты мекемелердің іс-қимылын үйлестіру мәселелері қаралды. Бүгінде барлық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті", - делінген хабарламада.

© Акимат Актюбинской области Ақтөбе облысының бір ауданында төтенше жағдай жарияланды
Режим ЧС объявили в Байганинском районе Актюбинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Ақтөбе облысының бір ауданында төтенше жағдай жарияланды
Жағдай - облыс әкімінің жеке бақылауында, дейді әкімдік.
"Оның тапсырмасымен комиссия құрылып, шұғыл түрде ауылға жеттік. Ең бастысы - адамдар дін аман. Зардап шеккен тұрғындарға заңға сәйкес, қажетті қолдау көрсетіледі, ешбірі көмексіз қалмайды. Біз табиғи апаттың салдарын жою жұмыстарына тез арада кірісуіміз керек", - деді облыс әкімінің орынбасары.
Қарағанды облысында дүлей дауыл бірнеше үйдің шатырын ұшырып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Қарағанды облысында дүлей дауыл бірнеше үйдің шатырын ұшырып кетті
Жаңалықтар
0